Басты бет » Әлеумет » Жаңа жүйе және маңызды міндет

Жаңа жүйе және маңызды міндет

Жолдау

Биылғы Жолдаудың жетінші бағытында Елбасы әлеуметтік саясат азаматтарды толыққанды экономикалық өмірге тарту арқылы жүзеге асырылатынын айтып, биылдан бастап зейнетақы жүйесіне бірқатар өзгерістер енетінін айтты. Осы тұста айта кету керек, соңғы жылдары елімізде зейнетақы біршама өсті. Қазір орташа зейнетақы 72 мың теңгеге жетсе, жоғары зейнетақы одан да көп. Ал ең төменгі зейнетақы 50 мың теңгеге жетіп отыр. Биылғы жылдан бастап зейнетақы төлеу жүйесі қайта қаралады. Зейнетке ерте шығып, кеңес заманында ұжымшар-кеңшарда жұмыс жасаған адамдардың зейнетақысы еңбек өтіліне байланысты көбейеді. Бұл — біздің ардагерлер үшін қуанышты жаңалық. Сондай-ақ Елбасы өз Жолдауында әлеуметтік қамсыздандыру мәселесіне де ерекше көңіл бөлді.

Бүгінде облыстық ардагерлер кеңесінде 90 мың ардагер бар, оның 80-і Ұлы Отан соғысының, 6 мыңнан астамы — тыл ардагері. Ал ардагерлердің жартысына жуығы Ақтөбе қаласында тұрады. Оның ішінде ең үлкені — 104 жаста.

Қорыта айтқанда, Елбасының биылғы Жолдауы — жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын, әрбір қазақстандықты өсуге жетелейтін, біртұтас ұлт болудағы қадамымызды айқындайтын маңызды құжат.

Кеңес Бірманов,

облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*