Басты бет » Білім » Әлеуметтік желілерді оңтайлы пайдалану міндеті жүктелді

Әлеуметтік желілерді оңтайлы пайдалану міндеті жүктелді

Ақтөбе қаласындағы №60 жалпы білім беретін орта мектептің мәжіліс залында Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испановтың қатысуымен «Білім беру ұйымдарының оңтайлы имиджін қалыптастыру үшін әлеуметтік желілерді қалыптастыру» тақырыбы бойынша семинар өтті.

Семинардың басты мақсаты — Елбасының Жолдауында белгіленген басты бағыттарды негізге ала отырып, халық арасында білім беру ұйымдарындағы атқарылған жұмыстарды әлеуметтік желілерге жариялау, мұғалімдердің қоғамдағы дәрежесін  көтеру.

Жиын барысында қала әкімі Ілияс Испанов:

— Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы Жолдауында білім саласына қатысты бірқатар міндеттерді белгіледі. Оның ішінде дамыған елдердің қатарына ену үшін «Смарт сити» жүйесін қалыптастыру керек.

Бүгінгі таңда біздің қаламызда ең көп ақпарат тарататын әлеуметтік желі — инстаграм желісі. Басқа да әлеуметтік желілер арқылы мектептердің оң жетістіктерін көрсету қажет. «Нұр Ақтөбе» шағын ауданында шамамен 120 мың адам тұрады. Болашақта тағы бір мектеп салу жоспарланып отыр, — деді.  

Семинар кезінде №60 орта мектептің инстаграм парақшасының модераторы, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Мейрамгүл Тұрғанбаева баяндама жасап, өз іс-тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ «Әлеуметтік желі» тақырыбымен «Digital life» бағдарламасының тренері Динара Жаналина ақпарат берді.

Шара соңында барлық мектептерде «PR-менеджерлер» тобын құру туралы тапсырмалар берілді.

 Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*