Басты бет » Әлеумет » Аудандағы игілікті істерді көрді

Аудандағы игілікті істерді көрді

Бейсенбі күні ауданға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттары Құралай Қаракен, Глеб Щегельский, Дания Еспаева жұмыс сапарымен келді.

Жұмыс сапары барысында Мәжіліс депутаттары, аудан әкімі А.Жүсібалиевпен бірге, Шұбарқұдық ауылында орналасқан Қызылжар-2 шағын ауданындағы жаңадан салынған және құрылысы жүріп жатқан коммуналдық тұрғын үйлерді, Қызылжар шағын ауданында жаңадан төселген тасжолды қарады.

Мәжіліс депутаттары құрылыс жұмыстарына қаралған бюджет қаржысының толық игерілгеніне көз жеткізді.

Тек әлеуметтік нысандардың, тұрғын үйлердің құрылысы ғана емес, аудан орталығындағы көшелерді жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Биыл жаңа көше құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Депутаттар осындай игілікті істерді көріп, «Ар-Амир» сауда үйінің, қайта жөндеуден өткен «Мирас» мейрамханасының жұмысымен танысты. Жеке кәсіпкер Гүлнұр Мұстафина «Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде 14,5 миллион теңге несие алып, «Шұбарқұдық нан» кулинариясын ашқан болатын. Наубайхана тәулігіне 2000 бөлке нан, өзге де түрлі нан тағамдарын, кондитерлік өнімдер шығарады. Бөлке нанның бағасы ауданда — 65 теңге.

Ал «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасымен салынған «Ар Амир» сауда үйі 21 адамды жұмыспен қамтып отыр. Сол сияқты жеке кәсіпкер Нұргүл Максимованың  «Мирас» мейрамханасында 15 адам жұмыс істейді.

Г.ЕСЕНЖОЛОВА,

Темір ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*