Басты бет » Әлеумет » Департамент қабылдау жүргізеді

Департамент қабылдау жүргізеді

Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын және  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл стратегиясын орындау мақсатында, Еңбек, әлеуметтік корғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті  2018 жылғы 20 ақпанда, 22 мамырда, 23 тамызда, 14 қарашада қабылдау жүргізілетінін хабарлайды. Қабылдаудың негізгі мақсаты сыбайлас жемқорлықтың алдын алуды көздейді.

Қабылдауға 56-76-43 телефоны бойынша хабарласып жазылуға немесе Ақтөбе қаласы А.Маресьев көшесі, 101,440-кабинетіне келіп  жолығуға болады.

Осы аталған шараны жүргізу уақытында азаматтар департамент қызметкерлерінің заңсыз  іс-әрекеттеріне, соның ішінде  мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарының сапасына немесе департамент құзыретіне кіретін өзге де мәселелері, уәкілетті органның шығарған шешімдерімен келіспеу деректері бойынша шағымдануға мүмкіндіктері бар.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*