Басты бет » Әкімдер есебі » Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Үсенұлы ДАРИННІҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Благодар ауылдық округінің әкімі Бақұзақ Үсенұлы ДАРИННІҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Благодар ауылдық округі аумағының жалпы көлемі 104 895 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы жері — 82 742 га (56 318 га — жайылымдық және шабындық жері), елді мекендер жері — 13 928 га және 268 га — басқалар. 11 елді мекенде 13 986 адам тұрады.

Аумақта 12 ЖШС, 36 шаруа қожалығы, 1 ӨК, 10 ӘӨК, 54 ЖК, 35 дүкен тіркелген.

Ауылдық округ аумағында ауыл шаруашылығы өнімін өндіру жыл сайын дамып келеді. «Ақтөбе жылыжай», «Жаңа қоныс», «Агрофирма көктем», «Изет Грин Хауз», «Изет Грин Хауз Қазақстан», «Әлем-Тағам» жылыжай кешендері өз өнімдерін қала базарларына шығарды. Өткен жылы бұл жылыжай кешендері 4 052 тонна қияр, 2 096,9 тонна қызанақ өсірді. «Пригородное АШФ» ЖШС қаланың тұрақтандыру қорына 1 200 тонна көкөніс тапсырды.

Шаруа қожалықтары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер 2017 жылы 9 106 га егін егіп, 681 га суармалы жерлерге картоп, көкөніс және жемісті дақылдар өсірді.

Ауылдық округ аумағында сондай-ақ шаруашылықтың дәстүрлі емес түрлері — ешкі, қоян, балық, құс, ара өсірумен айналысатын шаруашылықтар бар.

Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында К.Нокин және Бекқұл баба ауылдарында 2 дәрігерлік амбулатория, Украинка және Ақшат ауылдарында 2 дәрігерлік пункт ашылатын болады, олардың құрылысы өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында басталды.

Бұдан басқа, өткен жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша Бекқұл баба ауылында 100 орындық «Ақбота» балабақшасы ашылды, Ақшат ауылында 120 орындық балабақша құрылысы басталған еді, биылғы жылдың бірінші тоқсанында пайдалануға беріледі.

2017-2018 оқу жылында К.Нокин ауылында 320 орындық №65 жаңа орта мектеп жұмысын бастады, 2017 жылдың желтоқсанында Ақшат ауылында 300 орындық мектеп пайдалануға берілді.

Өткен жылы Қызылжар ауылында орта мектеп құрылысы басталды, құрылысты аяқтау алдағы жаңа оқу жылына жоспарланып отыр.

Сондай-ақ Шилісай ауылында 600 орындық, Бекқұл баба ауылында 300 орындық, Украинка ауылында 300 орындық мектептердің құрылыс-монтаж жұмыстарына конкурстар өткізіліп, мердігерлер анықталды.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасына сәйкес 13 тұрғын 87,05 млн теңгеге шағын несиеге құжат жасады.

Инженерлік желілер жүргізу және қайта жарақтау жұмыстары жүргізілуде. Өткен жылы К.Нокин ауылында жаңа құрылыстар ауданында, Қызылжар ауылында ТУСМ-14 ауданында су құбырлары желілері, Пригородный ауылында «Машина ауласы» ауданында, Украинка ауылында жаңа құрылыс ауданында және Бекқұл баба ауылында жаңа құрылыс ауданында электр желілері пайдалануға берілді.

Бекқұл баба, Шилісай, Ақшат ауылдарында жеке тұрғын үй құрылысы үшін бөлінген тұрғын массивтерде газбен, электр қуатымен, сумен қамтамасыз ету бойынша құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталды.

2017 жылдың қыркүйегінде Қызылжар ауылындағы жаңа құрылыс ауданын Қызылжар тұрғын массивімен қосатын ұзындығы 3,5 км жол құрылысы аяқталды.

Ауылдық округтің қолма-қол ақшаны бақылау шотына 6,1 млн теңге түсті. Жергілікті қауымдастықтың келісімі бойынша бұл қаражат абаттандыру, көгалдандыру, аялдамалар орнату және басқа бірқатар жұмыстарға бөлінді. Мәселен, 500-ден астам ағаш бұталары алынып, округ аумағына отырғызылды.

Есепті кезең ішінде ауылдық округ әкімдігінде құжат айналымы 1045 бірлік құрады, оның ішінде жеке тұлғалардан 39 өтініш тіркелді. Барлық өтініштер бойынша мерзімінде жауаптар берілді.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*