Басты бет » Әкімдер есебі » Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Шегайқызы ТҰРМАҒАМБЕТОВАНЫҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Қурайлы ауылдық округінің әкімі Мақпал Шегайқызы ТҰРМАҒАМБЕТОВАНЫҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Қурайлы ауылдық округі облыс орталығы Ақтөбе қаласынан 15 километр жерде орналасқан, «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» республикалық трассасының бойымен Мәртөк ауданымен шектеседі.

2018 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша округте 8497 адам тұрады.

Округ жерінің жалпы алаңы — 44499 га, оның ішінде елді мекендер жері — 11052 га, ауыл шаруашылығы жері — 22501 га.

Округті дамытудың негізгі бағыты ауыл шаруашылығы болып табылады. Шаруа қожалықтары мен жеке тұрғындардағы мал саны: мүйізді ірі қара — 2320, жылқы — 292, ұсақ мүйізді мал — 4236, шошқа — 189. «Ырыс», «Береке», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыру аясында округтің ауыл шаруашылығы құрылымдары 62 миллион теңгеге 176 бас етті-сүтті бағыттағы асыл тұқымды мүйізді ірі қара сатып алды және «Егінжай» бағдарламасы бойынша құлпынай өсіруге 1,5 миллион теңге алды.

Шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істеп тұрған нысандар саны 75 бірлік құрайды: 7 ЖШС, 30 дүкен, 2 ателье, 4 шаштараз, 6 монша, дәріхана, стоматология, массаж кабинеті, мейрамхана, кафе, кемпинг, 2 оқу орталығы, ҚТҚ шығаратын кәсіпорын, пластикалық терезелер шығаратын кәсіпорын, ТҚС, 2 шағын жылыжай және 13 мал шаруашылығымен айналысатын жеке кәсіпкер.

Бұдан басқа, жұмыспен қамту орталығы арқылы 8 адам оқып шығып, өзінің жеке ісін ашты, Іскер әйелдер қауымдастығының қолдауымен 24 әйел оқып, сертификаттарын алды. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 49,8 миллион теңге алынды.

Есепті кезең ішінде 69 жаңа жұмыс орыны ашылды, 61 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды, 41 адам маусымдық жұмыстарға тартылды, ақылы қоғамдық жұмыстарға 8 адам жіберілді.

Округ аумағында 2 дәрігерлік амбулатория, 1200-ден астам бала оқитын 3 мектеп, 1 мектепке дейінгі мекеме, Мәдениет үйі және № 8 қалалық кітапхана жұмыс істейді. 2017 жылы 270 орындық 3 жеке балабақша ашылды, сондай-ақ үстіміздегі жылы Өрлеу ауылында 150 орындық балабақша құрылысы жоспарлануда.

Округте көркейту, жол инфрақұрылымдарын салу және жөндеу жұмыстары тұрақты жүргізіледі. 2017 жылы Жеңіс көшесінің жолына ағымдағы жөндеу жүргізіліп, тротуарлар жақсартылды. Одан басқа, ауылдық әкімдіктің жеке қаржысы есебінен 39-разъездегі жолға қиыршық тас төселді.

Есепті жылы қолма-қол ақшаны бақылау шотына 17,9 млн теңге түсті. Жергілікті қауымдастық жиналыстарының шешімімен жергілікті өзін-өзі басқарудың қолма-қол ақшаны бақылау шотынан қаржылар 2 аялдама павильонын орнатуға, мектеп аумағын қоршауға, еңбек ардагері А.Гофманға мемориалдық тақта дайындауға, елді мекендерді көгалдандыруға және жарықтандыруға, басқа да шараларға жұмсалды.

Өткен жылы су тасқынынан зардап шеккен қаланың саяжай массивтерінде тұратын тұрғындарға тұрғын үй салу үшін Елек ауылынан 81 жер учаскесі бөлінді. Зардап шеккендердің үй құрылыстарына қаланың көптеген кәсіпорындары мен ұйымдары, «Қолқанат Ақтөбе» қоғамдық қоры көмек көрсетті.

Ауылдық округ әкімдігінде құжат айналымы 2480 бірлікті құрады, жеке және заңды тұлғалардың өтініштері мерзімінде қаралды, мемлекеттік қызмет көрсетуге және азаматтардың өтініштерін қарауға қатысты шағым тіркелген жоқ.

Бір пікір

  1. Томенги курайлыга трасса кашан салынады? Сонымен катар томенги курайлыга бир бала бакша керек. 38 неге Алия Молдагулова кошесине дейн келмейди?

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*