Басты бет » Әкімдер есебі » Қарғалы ауылдық округінің әкімі Алтынбек Тыныштықбайұлы ӘЛЖАНОВТЫҢ округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Қарғалы ауылдық округінің әкімі Алтынбек Тыныштықбайұлы ӘЛЖАНОВТЫҢ округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Қарғалы ауылдық округінің құрамына Қарғалы, Ақжар, Мағаджан елді мекендері кіреді, округ аумағы — 6671 га. Тұрғындар саны — 22 620 адам.

Округте 53 тұрмыстық қызмет көрсету нысаны, 72 сауда нысаны, 15 кафе, 2 демалыс базасы, 2 банк, ХҚКО, «Жылжымайтын мүлік орталығы» РМК, «Қазпошта» АҚ тіркелген, 4 медициналық мекеме жұмыс істейді.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына округте 241 бас мүйізді ірі қара, 376 бас ұсақ мүйізді мал, 85 жылқы және 65 шошқа бар.

Округтің әлеуметтік-экономикалық даму жағдайы жыл сайын жақсарып келеді. Жағдайдың жақсаруына маңызды мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыстары ықпал етуде. Мәселен, «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша өткен жылы 10 адам мүйізді ірі қара, құс өсіру, қоғамдық монша ашу, ет жартылай фабрикаттары өндірісі цехы және ойын клубын ашу үшін 66,3 миллион теңге шағын несие алды.

Жаңа шағын кәсіпкерлік нысандарының ашылуына байланысты ауылдық округтің салық салу базасы да өсіп отыр, сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын ашу проблемасы шешілуде. 2017 жылы шағын кәсіпкерлік және бизнес саласында 24 жаңа нысан құрылып, 61 қосымша жұмыс орны ашылды.

Қоғамдық ақылы жұмыстарға 18 жұмыссыз, жастар практикасына 13 адам жіберіліп, 6 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында Қарғалы және Ақжар ауылдарында 18,5 млн теңгеге балалардың ойын алаңдары көркейтілді, түрлі ойын элементтері, орындықтар, қоқыс жәшіктері қойылды,

Сондай-ақ қолма-қол ақшаны бақылау шоты қаржысы есебінен ауылдар ішіндегі 10 көшені жарықтандыру, аялдама павильондарын орнату, ағаш отырғызу, ағаштарды кесу, көркейту жөніндегі басқа да жұмыстар жүргізілді. Есепті жыл ішінде қолма-қол ақшаны бақылау шотына 57 миллион теңге түсті, 9 жергілікті қауымдастық жиналысы өткізілді.

Округтегі 4 мектепте 4096 бала оқиды және 3 мектепке дейінгі мекемеде 720 бала қамтылған. Қолма-қол ақшаны бақылау шоты қаржысына №53, №55 орта мектептеріне және М.Арын атындағы қазақ орта мектебіне спорттық инвентарьлар сатып алынды.

Округте аз қамтылған отбастарына ерекше көңіл бөлінеді. Мәселен, «Мектепке жол» акциясы аясында кәсіпкерлердің қолдауымен 80 балаға кеңсе тауарлары, мектеп киімдері және аяқкиімдер сатып алынып берілді. 115 отбасына 400 мың теңгеден астам қаржыға азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

Есепті жыл ішінде ауылдық округ әкімі 832 тұрғынды қабылдады, 1022 өтініш түсті. Жалпы құжат айналымы 1574 бірлікті құрады.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*