Басты бет » Әкімдер есебі » Новый ауылдық округінің әкімі Алмас Әлімбайұлы ӘЛІМБАЕВТЫҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Новый ауылдық округінің әкімі Алмас Әлімбайұлы ӘЛІМБАЕВТЫҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Новый ауылдық округінің алқабы 26994 га, оның ішінде ауыл шаруашылығы жері 14040 га құрайды.

Бүгінгі күні округке қарайтын Жаңақоныс және Құрашасай ауылдарында 2308 отбасы тұрып жатыр, тұрғындар саны — 11798 адам.

Округтің негізгі бағыты мал шаруашылығы болып табылады, округте 19 ШҚ, 8 ЖШС және 1 ӨК жұмыс істейді. 2017 жылы «Камел» және «АқтөбеАгроКом» деп аталатын 2 ауыл шаруашылығы кооперативі құрылды.

2018 жылдың 1 қаңтарына 1258 мүйізді ірі қара, 4789 ұсақ мүйізді мал, 214 жылқы, 60 түйе және 35 шошқа тіркелген. Малды бруцеллезге және туберкулезге қарсы тексеру жөнінде ветеринарлық профилактикалық шаралар уақытында жүргізіліп тұрады.

Округтің екі елді мекенінде кәсіпкерлікті дамыту табысты жүргізілуде. Шағын және орта кәсіпкерліктің 93 нысаны, оның ішінде 40 дүкен, 1 сауда үйі, 4 шаштараз, 6 монша, 5 тігін цехы, 3 техникалық қызмет көрсету стансасы, 2 доңғалақ жөндеу шеберханасы, 2 дәріхана, 1 кулинарлық дүкен, 1 жиһаз цехы, 3 балабақша, 4 кафе жұмыс істейді.

«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 6 адам мал шаруашылығын дамыту және бизнестерін кеңейту мақсатында 54,6 млн теңге көлемінде шағын несие алды.

Білім беру саласында 2 орта мектеп жұмыс істейді, онда 1751 оқушы оқиды. Сондай-ақ 4 мектепке дейінгі мекемеде 382 бала тәрбиеленуде. Білім беру мекемелеріне мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіліп отыр. 256 оқушы 4,8 млн теңгеге ыстық тамақпен қамтамасыз етілсе, балаларға 500 мың теңгеден астам қаржыға киім, аяқкиім алып берілді. «Мектепке жол» және «Қайырымдылық» қайырымдылық акциялары барысында 48 оқушыға 122 мыңнан астам теңгенің көмегі көрсетілді, сондай-ақ 1,3 млн теңгеге 52 оқушыға жазғы демалыс ұйымдастырылды.

«Өңірлерді дамыту» бағдарламасы аясында 7,7 млн теңгеге Жаңақоныс ауылында балалар алаңдарын көркейту, «Қанағат» тұрғын массивін электр қуатымен, сумен, газбен қамтамасыз ету жұмыстары жүргізіліп, округ аумағында 105 түп ағаш отырғызылды. Сондай-ақ 1,4 миллион теңгеге Ардагер, Қамқоршы, Жеңістің 40 жылдығы және Атаусыз көшелеріндегі жолдарға қиыршық тастар төселді.

Қолма-қол ақшаны бақылау шотына түскен 19,1 теңгені бөлу жөнінде жергілікті қауымдастық мүшелерінің 8 жиналысы өткізілді. Сол жиындардың шешімдері бойынша ол қаржы көркейту, көгалдандыру, аялдама павильондарын, қоқыс жәшіктерін, орындықтар орнатуға, шағын сәулеттік нысандарға және басқа жұмыстарға жұмсалды.

«Ақтөбе қаласының Новый ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-ға 2017 жылы 47 өтініш түсті. Құжат айналымы 1303 хат құрады.

           

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*