Басты бет » Әкімдер есебі » Сазды ауылдық округінің әкімі Аслан Өмірзақұлы МҰХАНБЕТОВТІҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Сазды ауылдық округінің әкімі Аслан Өмірзақұлы МҰХАНБЕТОВТІҢ ауылдық округтің 2017 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы есебі

Сазды ауылдық округінде 5073 адам тұрады. Округтің жер алаңы — 39 649 га, оның ішінде 22 337 га ауыл шаруашылығы жерлері. Өткен жылы 6631 гектарға дәнді-дақылдар егілді, оның ішінде 1371 га арпа, 240 га тары, 1450 га майлы дақылдар, 3496 га азықтық дақылдар және 74 га көкөністер.

2018 жылдың басына округ бойынша 2077 ірі қара, 2506 бас ұсақ мүйізді мал, 304 жылқы, 539 шошқа тіркелді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдары «Ырыс», «Береке» мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асыруға қатыса отырып, 36,5 миллион теңгеге 175 бас мүйізді ірі қара сатып алды.

Ауылдық округ аумағында 2 ЖШС, 25 шаруа қожалығы, 3 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі, 18 дүкен, 1 тігін цехы, 1 шаштараз, 2 монша, 2 кафе, 1 техникалық қызмет көрсету стансасы, 1 өндірістік кооператив және «Табыс» коммуналдық дүкені жұмыс істейді.

2017 жылы жұмыспен өзін-өзі қамтамасыз етіп отырған 8 азамат «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 38,4 миллион теңге шағын несие алды, 9 адам жеке кәсіпкерлікті жүргізу курстарынан өтті. Өткен жыл ішінде қоғамдық ақылы жұмысқа 18 адам тартылып, 85 адам тұрақты жұмысқа орналасты.

Округте 2 мектеп, 2 жеке балабақша, амбулатория, №10 қалалық кітапхана, «Қазпошта» бөлімшесі, Мәдениет үйі, полицияның учаскелік пункті жұмыс істейді.

Бүгінгі күні округтегі мектептерде 953 оқушы білім алуда, 67 бала мектепке тегін тасымалданады. Өткен жылдың қазан айынан бастап Шәкәрім Құдайберді атындағы №66 жаңа мектеп жұмыс істеуде, 600 орындық бұл мектептің іске қосылуы нәтижесінде үш ауысымды оқу пробемасы шешілді.

Сонымен қатар, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы бойынша биылғы жылы «Бауырластар» тұрғын массивінде 180 орынға 2 мектепке дейінгі мекеме ашу жоспарлануда, бұлардың құрылысы өткен жылы басталды.

Балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында Сазды орта мектебі аумағындағы футбол алаңын жарақтандыру жұмыстары жүргізілді, спорттық элементтер қойылды және Workout алаңы жасалды. Сондай-ақ №66 орта мектеп аумағында футбол сабақтары өткізіледі, сабақтар кезінде «Ақтөбе» ФК ойыншылары жаттықтырады.

Округте санитарлық тазалау, көркейту және көгалдандыру бойынша көп жұмыстар жүргізілді. Мәселен, 2017 жылы округ аумағында 8000 түп ағаш отырғызылды, 5 аялдама павильоны орнатылды және басқа жұмыстар атқарылды.

Өткен жылы қолма-қол ақшаны бақылау шотына 12 млн теңгеден астам ақша түсті, ол қаражат жергілікті қауымдастық жиналысының келісімі бойынша игерілді.

Ауылдық округ әкімдігінің қызметі сондай-ақ әлеуметтік салаларды — білім беру, мәдениет және спортты дамытуға бағытталды. Мәдениет үйінің материалдық-техникалық базасы үнемі жаңартылып отырады.

2017 жылы ауылдық округ әкімдігінің құжат айналымы 1483 бірлікті құрады, оның ішінде шығыс құжаттары – 793.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*