Басты бет » Әлеумет » Тиімді мемлекеттік басқарудың берері көп

Тиімді мемлекеттік басқарудың берері көп

Елді ертеңге бастайтын 10 міндет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына кезекті Жолдауы Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы елімізді жаңғырту бойынша шаралар бағдарламасын қамтиды.

Елбасымыздың алысты болжаған көреген саясаты нәтижесінде біздің еліміз жоғары белестерді бағындырды: Қазақстан 2017 жылы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болды, Жаңа жылдан бастап біз оған төрағалық етудеміз. ТМД елдері арасында бірінші болып бүкіләлемдік мамандандырылған ЭКСПО көрмесін өткіздік.

Президентіміз өзінің Жолдауында бізді қол жеткізген биіктерімізде тоқталып қалмауға шақырды және көкейімізде ертеңгі күнге сенімділікті орнықтырды.

Елбасы біздің алдымызға Қазақстанды дамытудың және әлемнің 30 неғұрлым дамыған елдерінің қатарына ену бойынша 10 негізгі міндеттерді қойып отыр.

Солардың ішінде сегізінші міндет — «Тиімді мемлекеттік басқару» ауқымында «Бір терезе» қағидаты бойынша бизнеске мемлекеттік қолдау көрсету үдерістерін цифрландыруды қамтамасыз ету қажет» деген міндет алға қойылып, «Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің интеграциясы «бір өтініш» қағидаты бойынша жекелеген мемлекеттік қызмет көрсетуден кешенді қызмет көрсетуге көшуге мүмкіндік беретіндігі» айтылады.

Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің Жолдауында күнделікті өмірдің ең көкейкесті деген салаларына назар аудара отырып, ел дамуының неғұрлым маңызды бағыттарын ашып көрсетеді. Бұның өзі мемлекет тарапынан қабылданып отырған барлық шаралардың қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсартуға, еліміздің экономикасын, әлеуметтік саланы дамытуға бағытталғанын тағы да бір мәрте көрсетеді.

Қазақстандық индустрия бәрінен бұрын жаңа технологияны енгізудің бастаушысы болуы тиіс. Бізге бұған өндірістік процестерді цифрландыру және заманауи бизнес-модельдерді игеру арқылы еңбек өнімділігін арттыру есебінен қол жеткізуге болады.

Банк жүйесін сауықтыру, агроөнеркәсіп кешенін, көлік және логистикалық инфрақұрылымды дамыту есебінен қаржы секторының жұмысын көбейтуге байланысты мәселелер де күн тәртібінде тұр.

Заң үстемдігін нығайту және сыбайлас жемқорлықпен күреске қатысты жайларға да ерекше назар аударылады. Осыған байланысты Мемлекет басшысы мемлекеттік органдарда олардың тұрғындармен және бизнеспен өзара әрекетін, сондай-ақ сот және құқық қорғау жүйелерінің институционалдық қайта құрылымын қамти отырып, процестерді цифрландыруды қажеттілік деп санайды. Азаматтардың конституциялық құқықтары кепілдігін нығайту, құқық үстемдігін қамтамасыз ету, құқық қорғау қызметін ізгілендіру бойынша жұмыстар күшейтіле түсетін болады.

Президенттің кезекті Жолдауы елімізді одан әрі жаңғыртудың маңызды ынталандырушысы болып табылады, сондай-ақ әрбір қазақстандық үшін іс-әрекетке басшылық ретінде қызмет етеді. Біздің елімізде жаңа әлемнің көш бастаушылары қатарына ену үшін барлық жағдай мен мүмкіндіктер бар. Бұл үшін Елбасымыз алдымызға қойып отырған міндеттерді шешуге жұмыла кірісуіміз қажет.

 Марат ТАҒЫМОВ,

ҚР Парламенті Сенатының депутаты.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*