Басты бет » Әлеумет » Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Жемқорлықпен күрес тоқтамайды

Елді ертеңге бастайтын 10 міндет

Мемлекет басшысының биылғы Жолдауының тоғызыншы тармағы жемқорлықпен күрес мәселесіне арналды. Жалпы бұл бағыттағы атқарылған жұмыстар жөнінде Елбасы үнемі айтып жүр. Елімізде, оның ішінде біздің өңірде жемқорлықтың алдын алуға қатысты жұмыстар жүйелі жүріп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңда жемқорлықтың алдын алуға бағытталған 13 тармақ бар. Әрбір мемлекеттік орган осы тармақтағы талаптарды орындау керек. Өкінішке қарай, оны орындамайтын мекемелер бар. Департамент қызметкерлері мекемелерге осы заңның тармақтарын түсіндіреді. Былтыр жемқорлықтың алдын алуға бағытталған қыруар жұмыс атқарылды. 124 селолық округ пен 524 еңбек ұжымын аралап, түсіндіру, ақпарат тарату жұмыстарын жүргіздік. Нәтижесінде 2016 жылмен салыстырғанда облыста сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс екі есеге азайды. Бұл жұмыстар биыл да пәрменді түрде жалғасады.  Халық  жиі шоғырланатын орындарда ақпараттық парақшалар таратылады, «Есіктен есікке» акциясы жалғасады. Жалпы насихат, құқықтық түсіндіру  жұмыстары тоқтамайды.

Қайыржан ТОҚЫШЕВ,

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы. 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*