Басты бет » Әлеумет » Жаңа көкжиектерге шығарады

Жаңа көкжиектерге шығарады

Елді ертеңге бастайтын 10 міндет

Елбасымыздың биылғы Жолдауы — біздің ерекше қарқынмен дамып келе жатқан еліміздің үздіксіз дамуының кезекті құбыланамасы, айқын да нақты мақсаттар. Белгіленген он міндеттің қай-қайсысы да Президенттің өзі белгілеген даму стратегиясының құрамдас бөліктері екені айқын. Мұның барлығы әдеттегідей мүлтіксіз жүзеге асарына күмән жоқ, себебі бұл мұраттарға жетуге елдің ресурстары да, халықтың бүгінгі көңіл күйі мен ынтасы да жеткілікті. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жеткен биіктері мен әлем назарын аударған жетістіктерінің барлығы Елбасымыздың дәл осындай нақты, уақытылы және сенімді түрде белгілеген жоспарлары мен міндеттерінен бастау алғанын ескерсек, бұл Жолдаудың мақсаттарын да орындап шығарымыз анық.

Өндіріс пен жаңа технологияларды үздіксіз жетілдіру, ауыл шаруашылығын заманауи деңгейге көтеру, білім мен денсаулық сақтаудың сапалық жағынан жоғарылай түсуіне мән беру сияқты жаңа мақсаттар мен әлеуметтік саланы нығайта түсу, әсіресе, білім беру саласының негізгі күші — мұғалімдердің әлеуметтік жағдайын жақсарта түсу мәселелері халықтың жоғары қолдауына ие болып отыр.

Бүкіл халықты нақты, айқын мақсаттарға бағыттап келе жатқан Елбасымыздың бұл Жолдауы да әрбір қазақстандықтың рухын көтеріп, жаңа көкжиектерге бастарына күмән жоқ.

Мейірхан АҚДӘУЛЕТҰЛЫ,

«Адырна» республикалық журналының бас редакторы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*