Басты бет » Әлеумет » «Ақылды қала» жүйесі барлық өңірлерде қамтылуы керек

«Ақылды қала» жүйесі барлық өңірлерде қамтылуы керек

Елді ертеңге бастайтын 10 міндет

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында  он негізгі міндетті нақты айқындап берді. Соның бірі — Жолдаудың  оныншы, яғни «Ақылды қалалар» «ақылды ұлт үшін» бағыты.

Өркениет биігіне ұмтылған дамыған елдерде «Ақылды қа­ла­лар» қалыптастыру бүгінде әлемдік үрдіске айналған. Бұл үрдісті ұстанған елдердің басты мақсаты —  қалалардың тұрмыстық қызмет көрсету деңгейін барынша дамыту арқылы тұрғындардың өмір сүру дәрежесін биік деңгейге көтеру.

«Ақылды қалалар» қатарына экономикалық, экологиялық және әлеуметтік деңгейлері тұрақты, қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыған қалалар жатады.
«Әлемде инвесторлар үшін қалалар бәсекеге түседі деген түсінік қалыптасты. Олар елді емес, жайлы өмір сүріп, жұмыс істейтін қаланы таңдайды. Сондықтан Астананың тәжірибесі негізінде «Смарт Сити» «эталонды» стандартын қалыптастырып, Қазақстан қалалары арасында озық практиканы таратуды және тәжірибе алмасу ісін бастау керек», —  делінген Елбасы Жолдауында.

Біз, Қазақстан жастары, Астананың тәжірибесіне сүйене отырып, жаңа технологияларды игеріп, олармен жұмыс жасау арқылы «Смарт Сити» стандартын барлық өңірлерде қамти алатын дәрежеге жетуіміз керек.

Бүгінде, Елбасының көреген саясатының арқасында көптеген ауқымды жобалар жүзеге асырылып келеді. Осының барлығы Қазақстанды бәсекеге қабілетті озық елдердің алдыңғы қатарына шығару. Елбасының Жолдауында айтылған басты он міндетті бірлесіп жүзеге асырсақ, Қазақстан әлеуметтік және экономикалық жағдайы мықты елге айналатынына сенімдімін.

Темірлан СЕРІКҰЛЫ,

 «Жас Отан» жастар қанаты

 Алға аудандық бөлімшесінің басшысы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*