Басты бет » Әлеумет » Жол жөнделеді

Жол жөнделеді

Елді ертеңге бастайтын 10 міндет

Елбасы Жолдауы арқылы еліміздің тарихының әр беті жазылып жатқандай әсер қалдырады. Айтылмаған сала, межеленбеген мақсат  қалмайды, бәрі өз орнымен айтылып, халыққа нақты түсіндіріледі.

Мысалы, мен жеке кәсіпкермін. Ырғыз — Қызылжар — Жаныс би — Шеңбертал бағытында жолаушы тасымалымен айналысамын. Кәсібімді заңды түрде дөңгелентіп отырған жайым бар. Жұмыс болған соң, қиындықтары да болмай қалмайды, әсіресе, қыс кезінде жол қиындап кетеді.

Жолдауды оқып отырып, оның төртінші бағытындағы «ішкі өңірлік қатынастарды жақсарту үшін автожолдардың жергілікті желісін жөндеу мен қайта салуға арналған қаржы көлемін көбейту керек. Осыған жыл сайын бөлінетін бюджет қаражатының жалпы көлемін орташа мерзімдегі кезеңде 150 миллиард теңгеге жеткізу қажет. Бұл жұмысқа өңірлердегі барлық әкімдіктердің белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек» деген жолдарды көріп қуанып кеттім.

Бұл дегеніміз —  біздің арақатынас жолдарына да көңіл бөлінеді деген сөз. Елбасымыздың биылғы Жолдауынан Қазақстанның кез келген азаматы өзіне қажетті, пайдалы тұстарын мен сияқты табатынына сенімдімін.

 Аманбек СҚАҚОВ, кәсіпкер.

Ырғыз ауданы.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*