Басты бет » Әлеумет » Үшінші бағыт — үдемелі серпін

Үшінші бағыт — үдемелі серпін

Елді ертеңге бастайтын 10 міндет

Жолдаудың үшінші бағыты — «Ақылды технологиялар» деп аталады. Бұл — агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі. Президент өз сөзінде: «Аграрлық саясат еңбек өнімділігін түбегейлі арттыруға және өңделген өнімнің экспортын ұлғайтуға бағытталуы керек. Біз егін егіп, дәнді дақылдарды өсіруді үйрендік. Оны мақтан тұтамыз. Алайда, қазір ол жеткіліксіз. Шикізатты қайта өңдеуді қамтамасыз етіп, әлемдік нарықтарға жоғары сапалы дайын өніммен шығуымыз қажет. Бұл мәселені шешуге барлық аграрлық кешеннің түбегейлі бет бұруы маңызды», — деп атады.

Өткен жылғы Жолдауында Елбасы ауыл шаруашылығы саласын экономиканың негізгі драйверіне айналдыру керек деген болатын. Міне, енді кезекті Жолдауында бұл саланы заманауиландыруға ерекше мән беріп отыр.

Бүгінгі күні ауданда ауыл шаруашылығы саласының өңір экономикасын көтерудегі үлесі зор. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу бағытында да ауыз толтырып айтарлықтай жаңалықтар көп. Сондықтан Жолдауда жүктелген міндеттерді басшылыққа алып, әрмен қарай жұмыс жасау — біздің алдымыздағы басты міндет.

Нұрлат ӘЛМҰРАТОВ,

«Айнұр» шаруа қожалығының жұмысшысы.

Хромтау ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*