Басты бет » Әлеумет » «Халықтық кеңседе» қабылдады

«Халықтық кеңседе» қабылдады

Ақтөбе қаласындағы «Халықтық кеңсе» мемлекеттік қызмет көрсету орталығында облыс әкімінің орынбасары Мавр Абдуллин қоғамдық қабылдау өткізді.

Мақсат — қызмет көрсету орталығына келген тұрғындардың арыз-шағымын тыңдап, оның оңды шешілуіне ықпал жасау.

«Халықтық кеңсе» орталығында алғаш рет қоғамдық қабылдау жүргізген Мавр Абдуллинге 3 адам көмек сұрап келді. Олардың барлығы жер телімдерін алуға қатысты мәселелерді көтерді. Айталық, зейнет жасындағы жеке кәсіпкер жұмысын ілгерілету үшін жер телімін алғысы келетінін, кезегінің де жақындап қалғанын айтты. Бірақ жер телімінің нақты қашан, қайдан берілетіні белгісіз боп тұр. Шаруашылықпен айналысқысы келетін жігіт ағасына бұл сұрақтың қаралатыны, құзырлы орган өкілдеріне сұрау салатыны айтылды. Артынша жауаптың да көп ұзамай берілетіні хабарланды.

Қоғамдық қабылдау соңында жолыққандардың барлығының арыз-шағымы жауапсыз қалмайтыны айтылды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*