Басты бет » Жаңалықтар » Депутаттар Мұғалжарға барды

Депутаттар Мұғалжарға барды

ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары жұмыс сапарымен Мұғалжар ауданына барып, сондағы жұртшылықпен кездесті.

Парламент Мәжілісінің депутаттары — Бақытбек Смағұлов, Глеб Щегельский, Құралай Қаракен, Дания Еспаева алдымен аудан орталығы — Қандыағаш қаласына барып, артынша Ақкемер, Жұрын ауылдық округтерінде болды. Бірқатар әлеуметтік маңызы бар ғимараттарды аралаған олар мектеп мұғалімдерімен кездесті, хал-ахуалын білді. Сонымен қатар, депутаттар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының маңыздылығын және соның аясында елімізде жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламалар туралы кеңінен әңгімеледі.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*