Басты бет » Денсаулық » Мақсатты жүздесу

Мақсатты жүздесу

«Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ РМК Ақтөбе облысы бойынша филиалына барған Мәжіліс депутаттары Құралай Қаракен, Глеб Щегельский, Дания Еспаевалар орталық жұмысымен танысып, қызметкерлерімен кездесті.

Дәрігерлер мен зертхана қызметкерлерін қосқанда облыс бойынша 367 адамды еңбекпен қамтып отырған орталықта 9 лаборатория жұмыс жасайды. Аса қауіпті инфекциялар анықталып, түрлі өнімдердің ДНК сараптамасы жасалатын орталық қызметкерлерімен кездескен халық қалаулылары Парламентте соңғы қабылданған заңдар мен кейбір түзетулер тұрғысында әңгіме өрбітті.

Құралай Қаракен зейнетақы мәселесіне байланысты өзгерістер мен жаңалықтар жөнінде айтты.

— Ең алдымен, біздің елде әлеуметтік маңызы бар мәселелер өз шешімін табуы тиіс. Олардың оң нәтижеге ие болуы ел үшін  де, сол елде тұратын әрбір азамат үшін де маңызды. Жыл сайын белгілі бір мөлшерде өсіп отыратын зейнетақының орташа мөлшері бүгінгі таңда елімізде 74 мың теңгені құрайды. 2018 жылдың 1шілдесінен бастап базалық зейнетақы мөлшері тағы да өседі. Ол жаңа әдістемеге сәйкес, зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты болады, — деді Қ.Қаракен.

Сондай-ақ, кездесуде жеке кәсіпкерліктің даму тұрғысы жөнінде де әңгіме қозғалды. Орталық мамандары, депутаттарға  өз сауалдарын жолдап, көкейлерінде жүрген ойларын ортаға салды.

 Ақерке САТЫБАЛДЫ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*