Басты бет » Мереке » Ізгі тілектер тоғысы

Ізгі тілектер тоғысы

Жексенбі күні облыстың барлық православтық шіркеулерінде Рождествоны мерекелеу болып өтті.

Свято-Никольский православиелік шіркеуінде облыстың православтық бас діни қызметшісі Нектарий жиналғандарды Рождесто Христово мерекесімен құттықтап, барлығына жаңа жылда жақсылықтар, денсаулық, бақыт тіледі. Ол Қазақстанда 150-ден астам ұлт өкілінің татулық пен бірлікте тұрып жатқанын сүйіспеншілікпен еске салды.

— Қымбатты ақтөбеліктер және қала қонақтары! Сіздерді облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың атынан қасиетті де тамаша мереке — Рождесто Христово күнімен құттықтауға рұқсат етіңіздер. Біздің еліміздегі ең басты құндылық — бұл көпұлтты қоғам, өз тарихы мен дәстүрін құрмет тұтатын, бейбітшілік пен келісімде тұруға ұмтылатын біздің халқымыз, — деп атап көрсетті осында келген облыс әкімінің орынбасары Ербол Нұрғалиев.

Ол өз сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сарабдал саясаты нәтижесінде біздің елімізде конфессияаралық және этникааралық келісім болуы үшін барлық жағдай жасалғанын айта келіп, оның негізі өзара түсіністік, сондай-ақ Қазақстанда тұрып жатқан барлық этностардың мәдениетіне, тіліне, салт-дәстүрлеріне құрмет екенін тілге тиек етті. Мәселен, облыста православтық шіркеулер ашылды, Темір ауданында осындай ескі ғибадат үйіне жөндеу жүргізілуде.

Шіркеуге жиналғандарды сондай-ақ Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов құттықтады.

Владимир БУРЬЯНОВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*