Басты бет » Әлемде » Сиднейде соңғы 80 жылда болмаған жоғары ауа температурасы тіркелді

Сиднейде соңғы 80 жылда болмаған жоғары ауа температурасы тіркелді

© CC BY 2.0/VirtualWolf/

Австралияның метеорологиялық қызметі Сиднейде 47 градус температураны тіркеді, – деп хабарлайды РИА Новости.
Бұл соңғы 80 жылда болған ең жоғары температура, бұл жөнінде Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының синоптиктер бюросы Twitter желісінде жазды. Олардың мәліметтері бойынша, мұндай ауа райы соңғы рет континенттің көне және ірі қаласында 1939 жылы болған.
Билік өрт қаупі жоғары екенін және ауа температурасы аса жоғары жерлерде от жағуға болмайтынын ескертті. Тегін су алуға арналған бекеттер де орнатылды. ABC телеарнасының хабарлауынша, аптаптың салдарынан бірнеше адам ауруханаға жатқызылған.

Дереккөз: Tengrinews.kz

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*