Басты бет » Білім » Облыстық олимпиадаға 913 бала қатысты

Облыстық олимпиадаға 913 бала қатысты

Ақтөбеде оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадасының облыстық кезеңі басталды. Шараға 913  оқушы қатысуда.

Олимпиада Ақтөбе қаласындағы М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатында және Ғ.Ақтаев атындағы №6 орта мектепте өтіп жатыр.

Шараның өтуіне  облыстық білім басқармасы мен «Ақтөбе-Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы ұйытқы болып отыр.

Олимпиаданың мақсаты — оқушылардың ғылымға деген қызығушылығын дамыту, пәндік білімін тереңдету, дарынды балаларды анықтау, қолдау.

Олимпиада сұрақтары министрліктен келді. Тапсырмалар «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдерінің, ата-аналардың және басқа да бақылаушылардың қатысуымен ашылды.

Жарысқа қатысушылардың жартысына жуығы — ауыл балалары. Олардың жолақысы, тамақтануы, орналасуы үшін шығындар облыстық бюджет есебінен төленеді, — дейді облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Гүлжан Құлыбекова. Оның айтуынша, ауылдан келген балалар М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернатының жатақханасына орналастырылған.

Айта кету керек, облыстық кезеңінің жеңімпаздары жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша 12-20 наурызда Атырау қаласында, гуманитарлық бағыт бойынша 14-30 наурызда Қостанай қаласында өтетін республикалық олимпиадаға қатысып, облыс намысын қорғайды.

P.S. Бүгін пәндік олимпиаданың облыстық кезеңінің ІІ туры өтіп жатыр. Олимпиада  қорытындысы бүгін шығарылады.

Гүлжан БАЗЫЛҚЫЗЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*