Басты бет » Ресми » Астананың 20 жылдығына байланысты «Ақтөбе Медиа» ЖШС Елорда құрдастарының арасында «Астана — арман қала» атты шығармашылық байқауын өткізеді.

Астананың 20 жылдығына байланысты «Ақтөбе Медиа» ЖШС Елорда құрдастарының арасында «Астана — арман қала» атты шығармашылық байқауын өткізеді.

Байқау  ЕРЕЖЕСІ

Байқаудың мақсаты: жастардың Астана қаласының тарихы мен қалыптасуына деген қызығушылығын туғызу, патриоттық сезімдерін ояту, жастардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Байқаудың шарттары мен талаптары:

Байқауға Астананың құрдастары, яғни жиырмаға толған облыс жастары қатыса алады. Байқаудың шарты бойынша үміткер Астана қаласымен байланыстырып жазылған шығармасын жолдай алады. Мақаланың көлемі 3-беттен аспауы тиіс және мәтіні 1,5 интервалмен, 14-кегльмен теріліп жолдануы қажет.  Байқау материалдары 2018 жылғы 20 маусымға дейін қабылданады.

Үздік деп танылған шығармалар «Ақтөбе» газетінде жарияланады.

Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Үш үздік шығарма  арнайы жүлделермен марапатталады.

Байқау шығармалары төмендегі мекенжайда қабылданады:

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 87-үй. 2-қабат.  Электронды пошта: aktobegazeti@mail.ru немесе kamshat_kopaeva@mail.ru.

Байланыс телефондары: 8 (7132) 55-11-11, 54-69-03. 8-702-437-27-84.

Ескерту: Жолданған шығарманың бірінші бетіне «Байқауға» деп жазылуы тиіс.   

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*