Басты бет » Мәдениет » Биылғы мерейтойлар

Биылғы мерейтойлар

  • Биыл Кіші жүз ханы, қолбасшы Әбілқайыр Мұхаммед Ғази Баһадүр ханның туғанына 325 жыл толуы (1863-1895) ерекше есте тұтар дата. 1718-1748 жылдары Кіші жүзде билік құрған Әбілқайыр ханның бар саналы өмірі ер үстінде өтті. Ел басына күн туған кезде қазақ қолының бас сардары, дарынды әскербасы, білгір қолбасшы болып, қалың жауды жапырған, хан тағына отырған шақта білікті саясаткерлігінің арқасында ел тұтастығын сақтай білген ханның есімін бүгінгі ұрпақ дәйім ұлықтап жүреді.
  • Ақын, әнші, композитор Сарышолақ Боранбайұлының туғанына (1858-1929) биыл 160 жыл толмақшы.
  • Соңында талай тағдырлы дүниелер қалған ақын, композитор Сары Батақұлының туғанына (1863-1895) биыл 155 жыл толады.
  • Мемлекет және қоғам қайраткері Тел Жаманмұрыновтың туғанына (1888-1938) биыл 130 жыл толғалы отыр.
  • Қазақ елінің өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан мемлекет және қоғам қайраткері Темір Жүргеновтің туғанына (1898-1938) биыл 120 жыл толады.
  • Қазақ әйелдері арасынан шыққан алғашқы дәрігер Аққағаз Досжанованың туғанына (1893-1932) биыл 125 жыл толмақшы.
  • Кеңес Одағының Батырлары Федор Федорович Озмитель (1918-1944) мен Абдолла Жанұзақовтың (1918-1944) туғандарына биыл 100 жыл толады.
  • Ақтөбе топырағынан шыққан көрнекті екі қаламгердің туғанына биыл 95 жыл толғалы отыр. 25 қазанда Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы Тахауи Ахтанов (1923-1994) дүниеге келсе, 17 желтоқсан соңына 25 кітап қалдырған, «Қызыл Жұлдыз» ордені мен жауынгерлік медальдардың иегері Өтебай Қанахинның (1923-1990) туған күні еді. Ал 13 қыркүйекте мың бұралған биші, балет артисі, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген артисі Нұрсұлу Тапалованың (1923-1998) туғанына 95 жыл толады.
  • Театр мен опера саласында есімдері аса құрметпен аталатын екі тұлғаның туғандарына 90 жыл толады. 28 ақпанда театр актрисасы, Қазақстанның халық артисі Алтын Ружева (1928-1990) дүниеге келсе, опера әншісі (сопрано), КСРО халық артисі Роза Жаманованың (1928-2013) туған күні — 16 сәуір.
  • Ақтөбе топырағынан шыққан алғашқы ғарышкер, Кеңес Одағының Батыры Виктор Иванович Пацаевтың (1933-1971) туғанына 19 маусымда 85 жыл толады. Ал 24 маусымда танымал тарихшы, Ақтөбе жерінен шыққан талай көрнекті тұлғаларды «тірілткен» зерделі зерттеулер авторы, өткен ғасырдың отызыншы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған ақтөбеліктерді түгендеп шыққан профессор Зәкіратдин Байдосов 85 жасқа толғалы отыр.
  • 15 тамызда қазақтың көрнекті ақыны, әсіресе «Соғыстың соңғы жазы» деп аталатын төрт томдық жыр кітабы арқылы сұрапыл жылдардағы тыл өмірін ащы шындықпен көркем бейнелеген дара дарын, «Құрмет» орденінің иегері Өтежан Нұрғалиевтің (1938-2011), ал 6 маусымда ақтөбелік ақын әрі журналист Болат Теміровтің (1938-2000) туғандарына 80 жыл толады.
  • Биыл белгілі дирижер, композитор, Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, профессор Қайырғали Қожанбаев 80 жасын тойлайды.
  • 24 желтоқсанда философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының академигі, «Құрмет» орденінің иегері Алтай Тайжанов, ал 24 наурызда театр актері, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері Байеділ Наурызов 70 жасқа толады.
  • Белгілі суретші, картиналарында Ақтөбенің көрнекті тұлғалары бейнеленген Сағынтай Әлімбетов 3 ақпанда, ал белгілі айтыс ақыны, ҚР «Мәдениет саласының үздігі» Нұрлыбек Қалауов 12 наурызда 65 жасқа толмақшы.
  • 23 ақпанда «Ақтөбе» газетінде жемісті еңбек еткен сатирик қаламгер, журналист Әлімбай Ізбайдың (1958-2007) туғанына 60 жыл толады.
  • 23 желтоқсанда «Ақтөбе» газетінде қызмет еткен журналист, сатирик қаламгер Ардақ Қонақбаева 60 жасқа толмақшы.
  • Қазақ жұртына тегіс мәлім әнші Жанар Айжанова 6 ақпанда екі «жиырма бесін» тойлайды.

С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы ұсынған мәліметтер бойынша әзірленді.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*