Басты бет » Басты жаңалықтар » Жаңа жыл құтты болсын!

Жаңа жыл құтты болсын!

Қымбатты жерлестер!

Жаңа жыл — біз ізгіліктер мен жарқын сәттерге шынайы сенумен қарсы алатын ерекше мереке. 2017 жыл енді тарих шежіресіне еніп, біздің жадымызда ерекше мәнді оқиғаларымен сақталып қалады.

Мемлекет басшысының бастамасымен біздің еліміздің астанасында бұрынғы кеңестік кеңістік аумағында бірінші болып «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өткізілді, ол Қазақстанның көрнекті жобаларының біріне айналды. Біздің облысымыздың әрбір алтыншы тұрғыны осы көрмеге қатысты. Нәтижесінде жалпы құны 43 миллиард теңге тұратын 18 үздік технологиялар қазірдің өзінде кәсіпорындарда енгізілуде.

Ақтөбе облысы әлеуметтік-экономикалық дамуға лайықты үлесін қосып келеді. Облыста Президент пен Үкіметтің тапсырмалары тиімді орындалуда, мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда, жаңа өнеркәсіптік және әлеуметтік құрылыстар қатарға қосылуда.

Егер өткен жылы экономиканың өсімі 0,5% құраса, 2017 жылы біз оны 5% деңгейінде болады деп күтіп отырмыз. Бұл ретте барлық салалар бойынша тұрақты өсім қамтамасыз етілетін болады, 430 миллиард теңгеден кем болмайтын инвестиция тартылды. Ауыл шаруашылығы өнімі көлемі өнімділіктің рекордты деңгейі — әр гектардан 13,2 центнерден өнім алу, суармалы жерлер алқабын 18%-ға және егіс алқабын 15%-ға ұлғайту есебінен 5,6%-ға өсті.

Біз елімізде алғашқылардың қатарында облыс тұрғындарын қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ететін «Нұрлы жер» бағдарламасын жүзеге асырудамыз. Барлығы алты мыңнан астам ақтөбелік отбасы қазірдің өзінде өз пәтерлерінің кілтін алды. Тұтастай алғанда, облыс бойынша 780 мың шаршы метр шамасында тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл үздік көрсеткіш болып табылады.

Әлеуметтік саладағы құрылыстарға 29 миллиард теңге бюджеттен тыс қаржы тартылды. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі білім берумен қамту 96% құрайды. 32 жаңа мектептің құрылысы жүргізілуде, оның 15-і пайдалануға берілді.

Мемлекет басшысының бастамасымен дүниеге келген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында біз Қазақстанда бірінші болып «Туған жер» форумын өткіздік, оған әлемнің 21 елінен 300-ден астам танымал ақтөбелік қатысты.

Өңірдің тіршілік-тынысына белсене қатысып жүргендердің барлығына ерекше алғыс сезімін білдіргім келеді. Олардың қолдауы нәтижесінде жаңа білім беру, мәдени, спорттық ғимараттары бой көтеруде, саябақтар мен демалыс парктері ел игілігіне ұсынылуда. «Туған жерге тағзым!» акциясы аясында құны 3 миллиард теңгеден асатын 500-ден астам жобаның іске асырылуы осының дәлелі.

Біз алдағы жылы аймақтың экономикалық әлеуетін одан әрі нығайтуға байланысты барлық күш-жігерімізді жұмсайтындығымызға сенімдімін. Бұл біздің қолымыздан келеді, өйткені біздің облысымыз — «Құтты мекен — Ақтөбе» қуатты экономикалық, интеллектуалдық және кадрлық әлеуетке ие.

Сіздерге жаңа — 2018 жылда денсаулық, сондай-ақ барлық игіліктер мен отбасы бақытын тілеймін! Есік қағып тұрған ит жылы бірлік пен береке жылы болсын!

Жаңа жылдарыңызбен!

Облыс әкімі Бердібек САПАРБАЕВ.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*