Басты бет » Мәдениет » Мәдинаның мерейлі концерті

Мәдинаның мерейлі концерті

Өнер орталығының залында А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптар оркестрінің бас дирижері, ҚР мəдениет саласының үздігі Мәдина Қабижанованың «Тәуелсіздік — қанатым» атты шығармашылық кеші өтті. Концерттің аты айтып тұрғандай, Тәуелсіздік күніне және маэстроның мерейтойына арналған өнер мерекесіне классикалық музыканы сүйіп тыңдайтындар көптеп жиналды.

Концертке дейін Мәдина Қабижанованың өзімен сөйлескенімізде, ол бұл шараның бірнеше айтулы датаға орайластырылып отырғанын, атқарар жүгі ауыр екенін атап өтті:

— Биыл өзім 50 жасқа толсам, ұстаздық еткеніме — 25 жыл. Ал шығармашылықпен айналысып, үлкен сахнада өнер көрсетіп жүргеніме 20 жыл болыпты. Әрі таяуда Тәуелсіздік күнін тойладық. Осының бәрін ескерусіз қалдырмайын деп «Тәуелсіздік — қанатым» атты концертімді өткізіп отырмын. Бұл кешке Астана, Алматы сияқты қалалардан замандастарым, шәкірттерім келіп отыр, — деді.

Кештің шымылдығы Сыдық Мұхамеджановтың «Шаттық отаны» шығармасымен ашылып, артынша Бауыржан Көбенғалиевтің «Мерекелік увертюра», Ақтамбердінің «Жайық деген жанды су», Қазанғаптың «Боз жорға аттың бөгелек қағуы», т.б. шығармалары орындалды. Кештің әрін орталық қалалардан арнайы келген күйшілер Ерсайын Басықара, Айгүл Үлкенбаева, əншілер Светлана Мырзабаева, Елена Əбдіхалықовалар аша түсті. Сондай-ақ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Марат Әйтімов бастаған Жайлау Асылханов, Асылбек Кеңегесов, Гүлназира Сағынғанова сынды жерлес әнші-күйшілердің өнері көпшілікті бейжай қалдырмады.

Кезінде жоғары оқу орнында бірге оқыған құрбысы туралы белгілі күйші Айгүл Үлкенбаева: «Кәсіби музыкант ретінде айтарым, қазақ оркестрінің тарихында әйел дирижерлер болған жоқ. Қазіргі кезде 1-2 адам ғана бар болса, соның бірі — осы Мәдина. Осы саланың алғашқы қарлығашының бірін — құрбымды қолдау үшін Ақтөбеге арнайы келдім. Оған мұндай кештердің жалғасын тауып, сахналық ғұмырының мейлінше ұзақ болуына тілектеспін», — деп лебізін білдірсе, танымал әнші-композитор Елена Əбдіхалықова: «Қазір қазақтан шыққан орындаушылар, музыка мамандары өте көп. Бірақ, оркестрге еге болып, дирижерлік жасап жүрген, жоғары деңгейдегі кәсіби шеберлігі бар музыканттар бізде кемшін. Осы тұрғыдан келгенде, Мәдинаның еңбегі — ұшан-теңіз. Қанша аспапшылардың басын қосып, әлемдік, халық шығармаларын орындау үлкен еңбекті қажет етеді. Өнер иесі, адам ретінде Мәдина Маратқызын жоғары бағалаймын. Ол — репертуарын әрдайым жаңартып, ылғи ізденіп жүретін еліміздегі айтулы мамандардың бірі», — деді.

Концерт соңында дирижерға риза болған бір топ көрермен құшақ-құшақ гүлдерін табыстап, қуаныш иесіне құрмет көрсетті.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

7 пікір

  1. Кеш керемет өтті. Осындай концерттер коп болса деймин

  2. Махаббат Муханбетова

    Биздин Мадина апайдын концерти оте жогары денгейде отти. Зор денсаулык жане шыгармашылык табыстар тилеймиз!❤️

  3. Гульнур Еркебаевна

    Мəдина Кабижанованың концерті өте жоғары деңгейде өтті. Отбасымызға ұнады, жақсы кеш болды риза боп қайттық. Үлкені деші кішісіне ұнап демалып келдік. Рахмет. Тағы осындай кеш болса міндетті түрде барамыз.

  4. Оте керемет болды концерт, Мадина Мараткызы нагыз онер адамы, онериниз орге орлей берсин!

  5. Алдамжарова Малика

    Концерт жогары денгейде отти. Мадина апай оз исинин маманы, айналасындагыларга камкор, оте мейримди жан!Мерейтойынызбен куттыктаймын!Енбекте береке, денинизге саулык тилеймин. Ардайым елиннин, халкыннын коз куанышы болып журе бериниз!

  6. Мадина Мараткызы! Өмір көшін бірге бастап едік. Аялап ұл өсіріп ,ата_ анаңды қастерлеп,перзенттік парызыңды адал өтеп келесің. Әрдайым туған туыс,достарыңның тірегі қамқоршысысын. Сол қасиетті Ушинский мектебінде оқып журген кезімізде ақ көреген жұрттың көзіне ілініп, достарыңа үлгі болып алға қойған мақсаттарына, мүлтіксіз талай шыңдарға шығып белестерды бағындырдын. Сол қайсарлықтың арқасында қарақаттай өмірдің жемісін жеп келесін. Сендей адал ана болашағы мəртебесі асқақ, елі мақтан тұтар бір туар досыма өзімнің жанұямның атынан тілерім :Таудай талап, қайтпас жігер,таусылмас талант,керемет кішіпейілдік, жайдарлы көңіл жəне ұзақ өмір тілеймін! Сəлеммен Базаргүл Асетқызы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*