Басты бет » Мәдениет » Көрменің көркі

Көрменің көркі

Байқау

Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында қалалық Қазақ саңыраулар қоғамы мәдениет үйінің ұйымдастыруымен Қазақ саңыраулар қоғамының 80 жылдық мерейтойына арналған есту мүмкіншілігі шектеулі жандар арасында өткен қалалық шығармашылық көрме-байқауының марапаттау рәсімі өтті.

Көрме-байқауға 20 және одан жоғары жас аралығындағы Қазақ саңыраулар қоғамының мүшелері және облыстық арнаулы есту қабілеті бұзылған мектеп-интернатының  оқушылары қатысты.

Байқауға тапсырылған қолөнер туындылары сапалы және талапқа сай орындалған. Қолөнер туындыларының қатарында сәндік-қолданбалы шығармашылық және бейнелеу өнері жұмыстары, қағаздан жасалған бұйымдар, құрақ көрпелер және қылқалам шеберлерінің салған суреттері бар.

Шара барысында Қазақ саңыраулар қоғамының төрайымы Зинаида Телеушева құттықтау сөз сөйледі. Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы атынан мәдени шаралар ұйымдастыру секторының бас маманы  Амангүл Ержанова қатысушыларды дипломдармен марапаттап, бағалы сыйлықтар табыстады.

 А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*