Басты бет » Жаңалықтар » Журналистерге марапат

Журналистерге марапат

Қазақстан Журналистер Одағының облыстық ұйымы Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында одақ мүшелері арасында «Тәуелсіз ел — Мәңгілік ел» конкурсын ұйымдастырған болатын. Конкурстың басты мақсаты — Елбасымыздың Жолдаулары, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облысымызда атқарылып жатқан іс-шараларды жан-жақты ақпараттық насихаттау.

Конкурс жеңімпаздары болып облыстық «Актюбинский вестник» газетінің бөлім меңгерушісі Санат Қалиев, «АQTO’BE» телекомпаниясының редакторы Жұлдыз Амангелдиева, Әйтеке би аудандық «Жаңалық жаршысы» газетінің әдеби редакторы Егенберлі Әбдіраев танылды.

Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин жеңімпаздарды құттықтап, оларға дипломмен бірге сыйлықтар тапсырды.

Сонымен бірге Қазақстан Журналистер одағының қатарына жаңадан қабылданған Қанатбай Елеусізұлына, Гүлжан Базылқызына, Әнуарбек Мырзатайұлына және Бердіхан Әділхановқа мүшелік билеттер тапсырылды.

Журналистерді марапаттау шаралары бұдан кейін «Ақтөбе Медиа» ЖШС-да жалғасты. Облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде ұзақ жыл жемісті еңбек етіп жүрген бір топ қызметкерлерге арнайы төсбелгі берілді. Серіктестік басшылығы мен кәсіподақ комитеті атынан алғыс хаттар мен сыйлықтарға Индира Өтеміс, Ләззат Буханова, Гүлсім Назарбаева, Серік Бисенов, Ақбота Қалдыбек секілді бір топ журналистер ие болды.

Өз тілшіміз.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*