Басты бет » Жаңалықтар » «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» жшс «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына ие болды

«Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» жшс «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына ие болды

«Астанада жыл сайын Елбасының қатысуымен өтетін «Алтын сапа» сыйлығы мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-байқауы лауреаттарын салтанатты марапаттау рәсімінде «Ұлы дала елі» байқауының жеңімпаздары марапатталды» деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Салтанатты шарада жеңімпаз компанияларға «Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығы берілді. Онлайн-дауыс беру арқылы таңдалған үздік компанияларды «Атамекен» ҰКП президиумының төрағасы Тимур Құлыбаев марапаттады.

«Ұлы дала елі» брендін пайдалану құқығына «MKS Logisticts» ЖШС (Маңғыстау облысы, директоры – Мұрат Сәрсембаев), «Қазфосфот» ЖШС (Жамбыл облысы, басқарма төрағасы – Мақсұтбек Есенов) және «Жаңа-Әлжан диірмен комбинаты» ЖШС (Ақтөбе облысы, бас директоры – Қанат Тапаев) ие болды.

«Ұлы дала елі» сыйлығын 2016 жылы «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы тағайындады. Ол үздік  тауар өндірушілер мен қызмет көрсетушілерге өз тауарын халықаралық нарықта ұсынуға мүмкіндік беріп, оларды бәсекеге қабілетті етеді.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*