Басты бет » Ресми » Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша

Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша

1.01.2018 жылдан бастап өсірілетін зейнетақы және жәрдемақы

1) Зейнетақы мөлшері 8%-ға өсіріледі.

2) Мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақылардың мөлшері «Қазақстан Республикасында мүгедектiгi бойынша, асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша және жасына байланысты берiлетiн мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақылар туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы №126 Заңының 12, 16 және 18-баптарында көрсетілген мөлшерлерде өсірілетін болады.

3) №1 және №2 тізім бойынша мемлекеттік арнайы жәрдемақылар, бала туылуына біржолғы мемлекеттік жәрдемақы, бала күтіміне ай сайынғы жәрдемақы, арнаулы мемлекеттік жәрдемақылар, Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарға және жаппай қуғын-сүргін құрбандарына біржолғы ақшалай өтемақылардың мөлшері айлық есептік көрсеткіштің (АЕК) артуына байланысты өсіріледі.

4) мүгедек баланы тәрбиелеп отырған ата-аналарға (қамқоршыларға, қорғаншыларға) жәрдемақы, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап төменгі еңбекақы мөлшерінің өсуіне байланысты артады.

5) Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) еңбек ету қабілетінен айырылуына және асыраушысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлемдер 16%-ға өсіріледі.

 

Әйелдердің зейнет жасын арттыру

 

«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы №105-V Заңына сәйкес 1.01.2018 жылдан бастап әйелдердің зейнет жасын арттыру қарастырылған. Әйелдердің зейнет жасын көтеру 2018 бастап 2027 жылдар аралығында, 10 жыл бойы жыл сайын 6 айға арттырылатын болады.

Әйелдердің зейнет жасын көтерудің себептері:

– зейнетақы тағайындау үшін 1998 жылдың 1 қаңтарындағы жағдайы бойынша әйелдердің қажетті ынтымақты еңбек өтілінің бірте-бірте азаюы;

– жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілінің ұлғаюы.

Осындай жағдайда әйелдерге жинақтаушы зейнетақы жүйесіне (әрі қарай-ЖЗҚ) қатысуға ерлермен қатар мүмкіндік беру, олардың зейнетақы жинақтарынының көлемін ұлғайтуға және ЖЗҚ алатын зейнетақы мөлшерін арттыруға әкеледі. Мысалы, туған күні 1960 жылы 1 қаңтардағы әйел, 2018 жылы 1 шілдеде 58,6 жасқа жеткенде зейнетке шығады. Егер 1960 жылы 1 шілдеде дүниеге келген әйел болса, 59 жасында зейнетке шығады, себебі ол 58,6 жасқа толған кезде (1 қаңтар 2019 жылы) заңнама бабында көзделген зейнет жасы 59 жыл.

Туған жылы Зейнетке

шығатын жылы

Зейнетке

шығу

жасы

1960 ж. 1 қаңтарынан 30 маусымына 2018 58 жас 6 ай
1960 ж. 1 шілдесінен 31 желтоқсанына 2019 59 жас
1961 ж. 1 қаңтарынан 30 маусымына 2020 59 жас 6 ай.
1961 ж. 1 шілдесінен 31 желтоқсанына 2021 60 жас
1962 ж. 1 қаңтарынан 30 маусымына 2022 60 жас 6 ай.
1962 ж. 1 шілдесінен 31 желтоқсанына 2023 61 жас
1963 ж. 1 қаңтарынан 30 маусымына 2024 61 жас 6 ай.
1963 ж. 1 шілдесінен 31 желтоқсанына 2025 62 жас
1964 ж. 1 қаңтарынан 30 маусымына 2026 62  жас 6 ай.
1964 ж. 1 шілдесінен 31 желтоқсанына 2027 63 жас

Қазақстандағы зейнетақы жасын арттыру, қазіргі уақыттағы ерте зейнетке шығу жеңілдіктері бар әйелдерге қатысты болмайды:

1) «Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі» ҚРЗ сәйкес төтенше және жоғары радиациялық апат аймағында 1949 жылғы 29 тамызынан 1963 жылғы 5 шілдесі аралығында 5 жылдан кем емес тұрған 45 жасқа толған әйелдерге.

2) 5 және одан көп бала туған (асырап алған) және оларды сегіз жасқа дейін өсірген 53 жасқа толған әйелдер.

«Төрт және одан көп кәмелетке

толмаған…  көпбалалы отбасы» арнаулы мемлекеттік жәрдемақысын түрлендіру

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықты әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі» 2015 жылғы 28 қазандағы Қазақстан Республикасының №369-V Заңына сәйкес, қазір жұмыс істеп тұрған үш төлемді 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап түрлендіру қарастырылған: 18 жасқа дейінгі балаларға арналған мемлекеттік жәрдемақы; «төрт және одан көп кәмелетке толмаған…  көпбалалы отбасы» арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы және ескі форматтағы атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай-АӘК) жаңа форматтағы Атаулы әлеуметтік көмек болып ұсынылады және отбасының әрбір мүшесіне ең төменгі күнкөріс деңгейі 50% болатын кірістері төмен отбасыларға тиесілі болады.

2018 жылғы 1 қаңтардан бастап «төрт және одан көп кәмелетке толмаған…  көпбалалы отбасы» арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалмайды. 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін «төрт және одан көп кәмелетке толмаған…  көпбалалы отбасы» арнаулы мемлекеттік жәрдемақысы тағайындалған төлем алушыларға осы төлемді алуға құқығын жоғалтқанға дейін төленетін болады.

Базалық зейнетақы тағайындаудың әдістемесі бойынша

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақыны тағайындау әдістемесі өзгеріп, еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты тағайындалатын болады.

Қазіргі уақытта барлық зейнеткерлер еңбек өтіліне қарамастан, бірдей базалық зейнетақы 14 466 теңге алады (төменгі күнкөріс деңгейінің 54%).

2018 жылғы 1 шілдеден бастап базалық зейнетақы былай тағайындалатын болады:

1) азаматтар жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына (ерлер үшін 63 жас, 58,6/63, әйелдер үшін) толған кезде;

2) еңбек өтіліне және зейнетақы жүйесіне қатысу өтіліне байланысты.

Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа механизімін енгізудің маңыздылығы мынада:

Егер азамат жұмыс істеп және БЖЗҚ-ға тек 10 жыл зейнетақы жарнасы аударылған болса немесе мүлде жұмыс істемеген болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің (әрі қарай-ТКД) 54% мөлшерінде, яғни базалық зейнетақының бүгінгі мөлшеріне баламалы түрде тағайындалады.

Әрбір 10 жылдан артық істеген жыл үшін базалық зейнетақы 2%-ға ұлғайтылады. Мысалы, еңбек өтілі 20 жыл болған жағдайда базалық зейнетақы ТКД 74%, 30 жыл жұмыс істесе – базалық зейнетақы ТКД 94%. Бұл ретте еңбек өтілі 33 жыл және одан астам болса, базалық зейнетақы ТКД 100% аспайтын мөлшерді құрайды.

 

Еңбек

өтілі

 

ТКД-нен үлес

ТКД-нен мөлшері (2018 жылға 28 284 теңге)  

Еңбек өтілі

 

ТКД-нен үлес

ТКД-нен мөлшері (2018 жылға 28 284 теңге)
   < 10 54 % 15274 22 78 % 22062
11 56 % 15840 23 80 % 22628
12 58 % 16405 24 82 % 23193
13 60 % 16971 25 84 % 23759
14 62 % 17537 26 86 % 24325
15 64 % 18102 27 88 % 24890
16 66 % 18668 28 90 % 25456
17 68 % 19234 29 92 % 26022
18 70 % 19799 30 94 % 26587
19 72 % 20365 31 96 % 27153
20 74 % 20930 32 98 % 27719
21 76 % 21496    33 < 100 % 28284

Базалық зейнетақы тағайындаудың жаңа әдістемесі әлеуметтік әділеттілік қағидасына сәйкес келеді, себебі бұл зейнеткерлердің материалдық жағдайын жақсартып қана қоймайды, азаматтарды еңбекке ынталандырады және еңбек қатынастарын заңдастыруға мүмкіндік береді. Бұл жаңашылдық  болашақ зейнеткерлерге де және зейнеткер болып табылатындарға да қатысты болады.

1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі еңбек өтілі зейнетақы іс құжаттарындағы мәліметтер бойынша анықталады, қосымша құжаттар талап етілмейді. Міндетті зейнетақы жарналары аударылған кезеңдер бойынша мәліметтер міндетті зейнетақы жарналары аударылуы жөніндегі орталықтандырылған деректер қорынан алынатын болады.

 Ізбасар ОРЫНБАСАРОВ,

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»

коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы

 бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық

есептеу орталығы» департаментінің директоры.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*