Басты бет » Жаңалықтар » Мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі

Мемлекеттік қызмет электронды түрде көрсетіледі

Ақтөбе қаласының  әкімі Ілияс Испановтың төрағалығымен мемлекеттік қызметтерді көрсету және электронды қызметтердің санын ұлғайту жөнінде кеңес өтті. Жиынға қаладағы мемлекеттік органдардың жетекшілері мен коммуналдық қызмет көрсететін ұйымдардың өкілдері қатысты. Кеңесте  он айдың қорытындысы тыңдалды. 

Қала әкімдігі аппаратының  мемлекеттік қызметті үйлестіру бөлімінің жетекшісі Жәмила Тәшімова баяндама жасады.  Қазіргі таңда 12 қалалық мекеме мен 5 селолық округ мемлекеттік қызметтер тізімі бойынша  102 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді.

Мемлекеттік органдарда мемлекеттік қызметтің 31 түрі баламалы негізде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы, яғни мемлекеттік корпорация арқылы беріледі. Бір сөзбен айтқанда, мемлекеттік қызметтер мемлекеттік  корпорация арқылы да, мемлекеттік органдар арқылы да көрсетіледі. Оның ішінде 15 қызмет тек қана мемлекеттік корпорация арқылы көрсетіледі.

Сондай-ақ қала тұрғындары мемлекеттік қызметті www.egov.kz веб-порталы арқылы да алуына болады. Бүгінгі күні электронды форматта 53 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Электронды түрде қызмет алудың тиімділігі көп. Біріншіден, азаматтар мемлекеттік мекемеге бармайды, яғни уақытын үнемдейді, екіншіден, кезек күтпейді, барлығы жылдам жүреді.

Жиында электронды форматта балабақшаға кезекке тұру қызметі көрсетілсе,  неге негізгі және орта білім беру құжаттарының көшірмелері электонды форматқа ауыстырылмайтыны да айтылды. Сондай-ақ түсіндіру жұмыстарын Халықтық кеңседе өткізу керектігі де сөз болды. Стандарттардың өзгеруіне байланысты қараша айынан бастап пилотты режимде 15-ке жуық мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіле бастады. Оның ішінде балаларды тасымалдау, педагог қызметкерлерге біліктілік санаттарын беру секілді қызмет түрлері бар. Жалпы алғанда, есепті кезеңде қалада баламалы негізде ұсынылған мемлекеттік қызметтердің үлесі —  95%, ал корпорация арқылы ұсынылған қызмет түрі — 98% .

Мемлекеттік органдардың міндеті  — халыққа көрсетілетін қызметтер сапасын арттыру,  мемлекеттік қызметші мен келуші арасындағы қарым-қатынасты азайтатын электронды форматқа көшіру. Бұл өз кезегінде  сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға ықпал етеді.

Жиында осы мәселелер жан-жақты талқыланды. Қала әкімі тиісті мекемелерге тапсырмалар берді.

Ақтөбе қаласының www.akt.gov.kz ресми сайтында мемлекеттік қызметтердің тізілімі, стандарттары, регламенттері және паспорттары көрсетілген «мемлекеттік қызметтер» тарауы жарияланған. Қала тұрғындары сайтты ашып, толық мағұламат алуына болады.

К.ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*