Басты бет » Жаңалықтар » Әлеуметтік бағыттарға қаржы қаралды

Әлеуметтік бағыттарға қаржы қаралды

Мәслихат

Жыл аяқталып келеді. Осымен байланысты қазір барлық деңгейдегі алдағы жылдарға арналған бюджеттік жобалар талқыға түсуде. Кеше Ақтөбе қалалық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында әлеуметтік бағыттағы мекемелердің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеті туралы мәселе қаралды.

Комиссия төрайымы Алмагүл Бекенованың төрағалығымен өткен осы отырыста күн тәртібіндегі аталған мәселеге қатысты қаланың ішкі саясат бөлімінің басшысы Мақсат Орынбасар, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Алтынай Юнисова, дене тәрбиесі және спорт бөлімінің басшысы Евгений Гончаров, тағы басқа да әлеуметтік мекемелердің басшылары хабарламалар жасады.

Комиссия отырысына қатысқан қалалық мәслихаттың депутаттары, аталған тұрақты комиссияның мүшелері әлеуметтік салалар бойынша алдағы жылдарға қаралған бюджеттік қаржының жайын қызу талқылап, өз пікірлерін білдірді. Қалалық мәслихат хатшысы Слупан Шынтасова, қала әкімінің орынбасары Рузия Айдашева алдағы жылдардың бюджетінің жайын нақтылай түсті.

Көп жағдайда қаланың әлеуметтік бағыттағы мекемелерінің алдағы жылдарға арналған бюджетіне қаржы ұлғайған түрде салынып отыр. Депутаттар, тұрақты комиссия, қоғамдық кеңес  мүшелері осы қаржының тиімді жұмсалуына барынша назар аударды. Әлеуметтік бағыттағы мекемелердің алдағы жылдарға арналған бюджеттік жобалары мен жоспарлары бойынша қай әлеуметтік салаларға қанша қаражат бөлінетіні және оның қандай бюджеттік бағдарламалар бойынша қаржыландырылатыны нақты және ашық көрсетілген. Бұл жерде қаралған бюджеттік қаржының ақпараттық жағынан ашықтығы, айқындығы, қолжетімділігі сақталды.

Комиссия отырысы қаралған мәселе бойынша мәслихаттың алдағы сессиясына өз шешімін ұсынды.

 Аманқос ОРЫНҒАЛИҰЛЫ.   

 

 

Бір пікір

  1. Жастар саясатына өңірлерде бөлінетін қаржы мәз емес. Елдегі жағдайды саралайтын ұйымдар жұмыстарын жөнді істемейді өз қызметтерін атқармайды. Ал жастардың тәрбиелік, рухани ұлттық, идеологиялық патриотизм саласында жұмыстары бояу

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*