Басты бет » Жаңалықтар » Айбек — Ұлттық инновациялар байқауының жүлдегері

Айбек — Ұлттық инновациялар байқауының жүлдегері

Жуырда Алматы қаласында өткен XII Инновациялық Конгресте Ұлттық инновациялар байқауының қорытындысы жарияланып, «Баспасөз беттерінде қазақ тіліндегі инновациялық тақырыптағы ең үздік материал» номинациясы бойынша жүлделі III орынды әріптесіміз, облыстық «Ақтөбе» газетінің тілшісі Айбек Тасқалиев жеңіп алды.

Байқау жыл сайын ҚР Инвестиция және даму министрлігінің қолдауымен инновациялық белсенділікті ынталандыру мақсатында өткізіледі. Бұл жылы байқау барлық аймақтағы оқушылар, студенттер, өнертапқыштар, тілшілер арасында өтті. Байқауға 1000-нан астам адам қатысты. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда ең жоғары көрсеткіш. Себебі былтыр байқауға 500-ден астам адам қатысқан. Жеңімпаздарды қоғам қайраткерлерінен, депутаттардан құралған тәуелсіз сарапшылар комиссиясы таңдаған.

Бұл жылы байқау 5 номинация бойынша өткізілді. Жүлдегерлер ҚР Инвестиция мен даму министрі Жеңіс Қасымбектің қолы қойылған диплом мен ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Әріптесімізді жеткен жетістігімен құттықтай отырып, деніне саулық, шығармашылық табыстар тілейміз.

Д.ҚАЗИХАН.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*