Басты бет » Жаңалықтар » Мониторингтік топтың жиыны өтті

Мониторингтік топтың жиыны өтті

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі  2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның жүзеге асырылуына талдау және бағалау жүргізу үшін құрылған республикалық мониторингтік топтың отырысын өткізді. Астанада ұйымдастырылған шара онлайн түрде өткендіктен аймақтардағы топтың мүшелері де қатысты.

Жиынға біздің облыстағы мониторингтік топтың төрағасы, ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің басшысы Қайыржан Тоқышев және мемлекеттік органдардың басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.

Жиынға қатысушылар алдымен мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Әділбек Мұқашевтың өңірлерге жасаған жұмыс сапары туралы баяндамасын тыңдады. Департамент басшысының айтуынша,  медициналық мекемелер, ішкі істер департаменттері, халыққа қызмет көрсету орталықтары және мемлекеттік қызмет көрсетумен айналысатын басқа да мемлекеттік органдарға тексеру жүргізілген. Сондай-ақ ол мемлекеттік қызметтің сапасын арттыру және мемлекеттік қызметтерді ұсыну бойынша бірқатар ұсыныстар енгізілгенін айтты.

Сондай-ақ жиында мемлекет бюджеті есебінен жүргізілген қалпына келтіру жұмыстары, мемлекеттік қызметтің сапасы және азаматтардың жемқорлыққа төзбеуі жөнінде көркем фильмдер шығару туралы мәселелер қаралды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*