Басты бет » Әлеумет » Жемқорлықты жою — даму кепілі

Жемқорлықты жою — даму кепілі

9 желтоқсан — Дүниежүзілік сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар және басқару колледжінде жемқорлықтың алдын алу мақсатында «Жастар сыбайлас жемқорлыққа қарсы!» атты ауқымды шара ұйымдастырылды.

Шара барысында колледж оқушылары флешмоб ұйымдастырып, «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» атты тақырыпта ашық тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының  мақсаты  — жастарға құқықтық тәрбие беру, сыбайлас жемқорлықтың қылмыс болып саналатынын жастардың санасына жеткізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Тәрбие сағатында аталған колледждің директоры Естай Жұмағазыұлы сөз сөйлеп, жемқорлықтың алдын алу жолдарын түсіндірді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын түрлі сызбалар мен суреттер арқылы білдірді. Жемқорлықпен күрес жөнінде көрсетілген слайдтар білім алушылардың тағылымын кеңейтті. Колледж психологі Ф.Бейісова оқу орнында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы арыз-шағымдар жәшігі орнатылғанын және сенім телефоны жұмыс істейтінін атап өтті.

Жалпы, сыбайлас жемқорлықпен күрес — жеке және мемлекеттік мүдделерді реттей отырып, қоғам болып жүзеге асыратын өте жауапты да маңызды мәселелердің бірі. Бұл мәселені дер кезінде ауыздықтау қоғам дамуының бірден-бір кепілі болмақ.

            Ж.МУТИЕВА,

Қ.ХАЙРУЛЛИНА.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*