Басты бет » Басты жаңалықтар » Ақтөбе облысы мен Қытай арасында төрт меморандумға қол қойылды

Ақтөбе облысы мен Қытай арасында төрт меморандумға қол қойылды

«Бейжіңде Ақтөбе облысының инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру аясында аймақ пен қытайлық компаниялар арасындағы ынтымақтастық жөнінде 4 меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды» «Қазақпарат» ХАА-нің Қытайдағы меншікті тілшісі.

Құжаттар Ақтөбе облысында мұнайгаз саласы үшін химиялық өнімдер өндіретін (Шаньдундағы «Цихай» мұнай инженерлік компаниясы), Геофизикалық және сейсмикалық іздестіру жұмыстарына арналған электронды жабдықтарға («Сиань Лухай» геофизикалық технологиялар» компаниясы), бұрғылау құралдары (Dongying Weima Petroleum Drilling Tool), сондай-ақ, тәулігіне 2,5 тонна қуаттылықтағы цемент зауытының құрылысына (Гонконгтағы «Sino-Harbor Construction Group» компаниясы) қатысты  инвестициялық жобаларды іске асыруды қамтамасыз етеді.

Іс-шараны Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы мен Ақтөбе облысы әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Бұған Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев, Қытай Халық Республикасындағы ҚР елшісі Шахрат Нұрышев, аймақ кәсіпкерлері («Нитрохим» ГК» ЖШС, «Актобе ТОPSA Пласт», «Ваниль» кондитерлік фабрикасы) және Қытай халықаралық саудаға жәрдемдесу комитетіне, Қытайдағы өнеркәсіптік-коммерциялық федерация, жеңіл өнеркәсіп қауымдастығы мен басқа да бірлестіктерге кіретін ҚХР-ның 100-ден астам бизнес өкілдері қатысты.

Өз сөзінде елші Ш.Нұрышев  Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының ынтымақтастығын, әсіресе сауда-экономикалық және инвестициялық салаға қатысты атап өтіп, қытайлық кәсіпкерлерді  екі елдің аймақаралық өзара әрекеттесуін нығайтуға, оның ішінде  Ақтөбе облысына инвестициялық жолмен жоғары технологияға және индустриалдық жобаларды жүзеге асыруда белсенді атсалысуға шақырды.

Б.Сапарбаев Ақтөбе облысының географиялық, табиғи және басқа да  артықшылықтарын, инвестициялық климатын, «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты және «Бір белдеу, бір жол» қытайлық бастамаға сәйкес аймақтың рөлін атап өтті.  Ол қытайлық кәсіпкерлерді Ақтөбе облысында инвестицияларды ұлғайтуға шақырды, сонымен қатар әлеуетті инвесторларды қызықтырған сауалдарға жауап берді.

Сондай-ақ, жиналғандар алдында «CNPC-Ақтөбемұнайгаз» АҚ бас директоры Ван Цзюньчжэнь сөз сөйлеп, өз отандастарына қазақстандық биліктің шетел инвесторларына көрсетіп отырған қолдауын айтты.

Іс-шараға қатысушыларға Ақтөбе облысының инвестициялық әлеуетіне қатысты бейнеролик көрсетілді, сондай-ақ,  аймақтың негізгі өндірістік факторлары,  инвестициялар үшін қолайлы жағдайлар және облыс экономикасының басым секторлары  туралы толық ақпарат берілді. Сонымен қатар қонақтарға Қытайда IQIYI awards нұсқасы бойынша  «Жыл әншісі» деп танылған қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге арналған сурет көрмесімен танысудың мүмкіндігі туды.  ҚХР кәсіпкерлеріне Ақтөбе облысының негізгі инвестициялық жобаларын таныстыру  ретінде буклеттер ұсынылды: олар — болат және шойын түрінде дайын өнім шығаратын тау-кен металлургиялық кешенін салу (Қарғалы ауданы, жоба құны — 1,276 млрд доллар, жобалық қуаттылығы — жылына 1 млн тонна болат/шойын, темір кенін өңдеуге арналған тау-кен-металлургиялық кешен (Көкбұлақ ауданы, жоба құны — 500 млн доллар, жобалық қуаттылығы — 8 млн тонна концентрат), «Ащысай» кен орнында титан-циркони кенін игеру (Темір ауданы, 17,4 млн доллар), газбен ферроқорытпа шығаратын қуаттылығы 45-55 МВТ кәдеге жарату электр станциясын салу (Ақтөбе қаласы, 110 млн доллар), «Sheraton»  қонақүй кешені (Ақтөбе қаласы, 1,8 млрд теңге, 177 қонақүй нөмері, сыйымдылығы — 208 адам), бизнес-отель  (Ақтөбе қаласы, 20 млн доллар, 180 қонақүй нөмері, 32 мың кереует-орын), «Green Land» демалыс базасында аквапарк құрылысы (Ақтөбе қаласы, 7,5 млн доллар), ауыл шаруашылығы өнімдеріне  арналған көлік-логистикалық орталығы (Сарыжар поселкесі Мәртөк ауданы, 36,5 млн доллар), көлік-логистикалық орталығының құрылысы (Ақтөбе қаласы, 33 млн доллар), «Жаңа тұрмыс» шаруа қожалығының кешенді жобасы (Ақтөбе қаласынан 65 шақырымдық Ақтөбе-Орск тасжолы бойында, 38 млн доллар), бройлер өсіруге арналған құс фабрикасы (Желтау селолық округі Қарғалы ауданы, 12 млн доллар), 10 мыңға дейін ірі қараға арналған жоғары технологиялық бордақылау кешені (Жарсай поселкесі Қобда ауданы, 2,5 млрд теңге), қызанақ және қияр өсіруге арналған жылыжай (Благодарный селолық округі, 4,2 млн доллар), жоғары технологиялық жылыжай кешені (Маржанбұлақ селосы Алға ауданы, 81 млн доллар), қоспа жем және жасыл гидропоникалық жем өсіруді өндіретін зауыт (Хромтау қаласы, 1,2 млн доллар), сиыр етін терең өндіру үшін ет комбинаты (Ақтөбе қаласы, 4,2 млн доллар), «Ақтөбе нан өнімдері комбинаты» ЖШС толық немесе ішінара сату,  «Электрод и К-Актобе»,«Керамика» АҚ, «RIFMA Group» компаниялар тобы, ұялы бетон өндіретін зауыт, темір бетон бұйымдары зауыты, битум зауыты, мұнай өңдеу кешені.

«Қазақпарат».

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*