Басты бет » Жаңалықтар » Бейжіңде Ақтөбе облысының өкілдігі ашылды

Бейжіңде Ақтөбе облысының өкілдігі ашылды

Бейжіңдегі «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жанынан Ақтөбе облысының инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша өкілдігі ашылды» деп хабарлайды «Қазақпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.

Бұл туралы бүгін қытайлық кәсіпкерлер алдында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты.

Қытайдың бизнесмендері мен әлеуетті инвесторлары Қазақстанға капитал салудың артықшылықтарын жақсы түсінді. Біз Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп Бейжіңде Ақтөбе облысының инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша өкілдігін ашып жатырмыз, —  деді ол аймақтың инвестициялық әлеуетін таныстыру кезінде.

Іс-шарадан кейін Б.Сапарбаев «Kazakh Invest» ҰК» АҚ жанынан ашылған Ақтөбе облысының инвестиция тарту және экспортты дамыту бойынша өкілдігінің орналасатын жеріне барды.

Облыс әкімі қазақстандық журналистерге жаңа өкілдікті құру мақсаты туралы айтып берді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қытаймен бірлесіп «Бір белдеу, бір жол» бағдарламасын жүзеге асыру туралы тапсырмасы бар. Сондықтан бүгін біз Бейжіңде Қытай Халық Республикасындағы Қазақстан Республикасы Елшілігінің қолдауымен «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамымен бірлесіп өзіміздің өкілдігімізді ашып жатырмыз. Біздің мақсат — қытайлық кәсіпкерлерді Ақтөбе облысымен толық таныстыру. Сонымен қатар, инвестициялық мүмкіндіктермен танысып, өңірге инвестициялар тартуды ұлғайтуға, сондай-ақ өзімізде өндірілетін өнімнің Қытайға экспортын ынталандыруға мүмкіндік береді. Біз бұл өкілдіктің жұмыс істеуін қамтамасыз етеміз, — деді ол.

 «Қазақпарат».   

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*