Басты бет » Мереке » Үш ауылда дәрігерлік амбулатория іске қосылды

Үш ауылда дәрігерлік амбулатория іске қосылды

Тұңғыш Президент күніне орай Алғаның Қайыңдысай және Хромтаудың Ақжар, Көптоғай ауылдарында медициналық бекет ашылды.

Аталған екі ауданның ауылдарындағы дәрігерлер бұған дейін бөлмелерді жалға алып, тұрғындарға медициналық көмек көрсетіп келген. Бейімделген ғимаратта отырған дәрігерлер енді заманауи ғимаратқа қоныстанып, халыққа қызмет көрсете алады. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтың айтуынша, Ақтөбенің шалғай ауылдары үшін әлі де шағын амбулаториялар қажет. Облыс бойынша 60 амбулаторияға сұраныс бар. Қазіргі күні мемлекеттік-жекеменшік серіктестігі негізінде 21 амбулаторияның құрылысы жүріп жатыр. Оның төртеуі іске қосылды. Жылдың соңына дейін жоспарланған құрылыстар толығымен аяқталмақ. Жалпы алдағы екі жылда ғимараттарды жалға алып, көшіп жүрген дәрігерлердің барлық мәселесі шешілуі тиіс.

Басқарма басшысы Алға мен Хромтау ауданындағы дәрігерлік бекеттің ашылуына қатысып, тұрғындармен кездесіп қайтты.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*