Басты бет » Әлеумет » Сауалдар бақылауға алынды

Сауалдар бақылауға алынды

Тұрғындарды қабылдау

Өткен сенбі күні облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Сазды селолық округінде құқық қорғау және мемлекеттік қызметшілердің өзара байланысын жақсарту мақсатында азаматтарды қабылдау жүргізілді.

Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Р.Айдашева, облыстық денсаулық сақтау, басқармаларының басшылары мен орынбасарлары, жауапты мамандар тұрғындарды қабылдап, арыз-шағымдарын тыңдады.

— Қазіргі күні Сазды селолық округінде 5073 тұрғын тұрады, 953 үй бар. Бүгінгі қабылдау кезінде халықтан, әсіресе жер, құқық қорғау және денсаулық сақтау мәселелері бойынша сұрақтар туындады. Барлық сауалдар бойынша тұрғындарға тиісті жауаптар беріліп, бақылауға алынды, — деді Сазды селолық округінің әкімі Аслан Мұхамбетов.

Қабылдау кезінде 33 тұрғын өздерінің сауалдарын қойып, өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік алды.

Айта кетейік, бұған дейін мұндай қабылдаулар Благодар, Қурайлы, Новый, Қарғалы селолық округтерінде де өткен болатын.

Ақбота БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*