Басты бет » Ауыл » Екі отбасына пәтер берілді

Екі отбасына пәтер берілді

Мәртөктіктер ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған мерекелік шараларды бір апта уақыт бұрын бастады.

Айталық, 23-25 қараша аралығында аудандық спорт мектебінде, осы мерекеге орайластырылып, мектептің негізін қалаушы А.Варютаны еске алуға арналған волейболдан облыстық ашық турнир өтті. Ал 24 қарашада аудан орталығында «Жас ақындар жырлайды» атты поэзия кеші ұйымдастырылды. 25 қарашада Қазан ауылында облыстағы ең алғашқы марал өсірумен айналысатын шаруашылық  ашылды.

Жалпы, мереке қарсаңында ауданда бірнеше жеке кәсіпкердің жаңа ісіне «Ақ жол!» айтылды. Мысалы, Сарыжар ауылында З.Ілиясова — тігін шеберханасын, Р.Құлсүгіров техникалық қызмет көрсету стансасын ашты. Осы ауылда жеке кәсіпкер А.Ерғалиеваның 75 орындық «НұрАй» бөбекжайының ашылу рәсімі де өтті, т.б.

Ал нақ мереке күні, 1 желтоқсанда Аққайың ауылында сүтті қайта өңдеу цехы ашылды.

ҚР Тұңғыш Президенті күні құрметіне аудандық Мәдениет үйінде өткен салтанатты жиында аудан әкімі Н.Қалауов тұрғын үй кезегінде тұрған екі азаматқа пәтеркілтін табыстады.

Өз тілшіміз.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*