Басты бет » Әлеумет » Аналарға алқалар табысталды

Аналарға алқалар табысталды

Алға ауданында Тұңғыш Президент күніне орай «Елбасымен еркіндеген Қазақстан» атты мәдени шара өтті.

Шараның ашылуында Алға ауданының әкімі Нағымжан Алдияров жұртшылықты мерекемен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2017 жылғы 2-қарашадағы Жарлығы бойынша аналарды «Алтын алқа» және «Күміс алқа» медальдарымен марапаттады. Олардың қатарында Алға қаласының тұрғындары «Алтын алқа» иегері Айнұр Жолмағанбетова, «Күміс алқа» иегерлері Светлана Гайнутдинова, Назым Жолдасбайқызы бар.
Сондай-ақ бұл күні «Нұр Отан» партиясының Алға аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары М.Жалғасбаев партия мүшелеріне партиялық билеттерді табыс етті. Бұдан соң мерекелік шара аудандық Мәдениет үйі өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.

Сонымен қатар Алға қаласының орталық алаңында өткен мерекелік шарада гір көтеру, қол күрес, арқан тарту спорт түрлері бойынша жарыстар ұйымдастырылды.

Алға балалар және жасөспірімдер спорт мектебінде Тұңғыш Президент күніне арналған баскетболдан жасөспірімдер арасында аудандық біріншіліктің финалдық ойындары өтті. Тартысты өткен жарыс нәтижесінде, Алға облыстық балалар үйінің командасы жеңімпаз атанды. ІІ орынды Алға БЖСМ иеленсе, ІІІ орын Алға орта мектебінің командасына бұйырды.

А.БОЛАТБЕКҚЫЗЫ.

Бір пікір

  1. Елбасы күніне орай деген сөз тіркестер елімізде жиі естіледі. Бір жағынан елдегі әлеуметтік маңызды жоспарлар орындалып жатыр. Бірақ көп жағдайда показуға болып кетеді, сапасына қарап жатқан ешкім жоқ мемлекеттік органдардан

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*