Басты бет » Әлеумет » Жұмыспен қамту және жаңа әдіс

Жұмыспен қамту және жаңа әдіс

Ақтөбе облысы бойынша әлеуметтік төлемдерді ведмоствоаралық есептеу орталығы департаментінде жұмыспен қамту мәселесіне қатысты семинар өтті. Семинарды ҚР Еңбек және жұмыспен қамту министрлігінің тапсырысы бойынша алматылық «Ки бағдар» компаниясы өткізді. Компания жетекшісінің орынбасары Ахметжан Күнтаевтың айтуынша, аталған компаня бұған дейін «Атажұрт» деп аталса, 2016 жылдан бастап атауын өзгертіп, кәсіптік бағдар бойынша жұмыс істей бастаған.

— Жұмыспен қамту орталықтарының жұмысына қатысты әдіс ойлап таптық. Мақсат — жұмыспен қамту орталықтары мен бөлімдердің жұмысын тексеру. «Олар қалай жұмыс істеп жатыр?, «Орталықтар мен бөлімдерде мүгедек азаматтарға барлық жағдай жасалған ба?»,  «Орталықтардың жағдайы қалай?», «Құжаттарды рәсімдеу қалай жүреді?» деген сұрақтарға жауап іздейміз. Қазіргі күні елімізде 199 жұмыспен қамту орталығы мен 200-ден астам бөлім, 2453 ауылдық округ бар. Біздің мақсатымыз — осы бөлімдердің жұмысын қарап, қорытынды шығару, кемшіліктерді анықтау, жаңа модернизацияға көшу үшін не қажет екенін білу. Барлық орталықтарды қарап, талдау қорытындысын шығарып, министрлікке береміз. Ал министрлік сараптаманы  халықаралық тәжірибелермен салыстырып, нәтижесін шығарады, — деді Ахметжан Күнтаев.

Жиынға облыстағы жұмыспен қамту оралықтары мен бөлімдерден мамандар келді. Оларға компания өкілдері методиканы жан-жақты таныстырды.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*