Басты бет » Білім » Бірыңғай сағат өтті

Бірыңғай сағат өтті

Жемқорлыққа жол жоқ

Ақтөбедегі барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде және орта мектептерде бір мезетте «Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бірыңғай сағаты» атты шара өтті.

Шараны ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті ұйымдастырды.  Мақсат — мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізіп отырған саясатын жастарға түсіндіру, жемқорлықтың елдің дамуына тигізер кері әсерін айту.

Барлық оқу орындарында өткен шарада 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегия мен «Ұлт жоспары: 100 нақты қадам» бағдарламасы туралы кеңінен айтылды. Департаменттің мамандары жоғары оқу орындары мен мектептерге барып, ашық сағаттарға қатысты. Мәселен, Қазақ-орыс халықаралық университетінде өткен шараға  департамент  басшысының орынбасары Рафхат Бисенов қатысса, №63 орта мектепте өткен ашық сабаққа департамент басшысының орынбасары әрі әдеп жөніндегі кеңес хатшылығының меңгерушісі Мирамгүл Бибітова барды. Кездесу кезінде жастар сұрақтар қойып жауап алды.

К.ҚОПАЕВА.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*