Басты бет » Ауыл » Ауылға театр келді

Ауылға театр келді

Мерекені Алға ауданының тұрғындары ерекше атап өтті. Бұл күні ауданның Маржанбұлақ, Тоқмансай ауылдық округтерінде мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Мектеп оқушылары мен ауыл өнерпаздары мәдениет үйлерінде ән айтып, би билеп, тұрғындардың көңілін көтерді. Сондай-ақ көпбалалы аналар марапатталды. Маржанбұлақ ауылдық округінің тұрғыны Айша Нұрдәулетова «Алтын алқа» медаліне  ие болды. Мереке қарсаңында ауданға республика мен облысқа танымал өнер жұлдыздары келді. Самбай ауылының Мәдениет үйінде «Алашұлы» тобының жігіттері өнер көрсетті. Ал «Екі езу» сатира театры Бестамақ ауылында балаларға арнап «Ұр, тоқпақ» көрінісін қойды.

Д.БЕРІКҰЛЫ,

Алға ауданы.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*