Басты бет » Білім » Облыс намысын қорғаған команда

Облыс намысын қорғаған команда

Олимпиада

Жақында Алматы қаласында «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру және сауықтыру орталығында өзін-өзі тану пәнінен республикалық олимпиада өтті.

Олимпиада мақсаты — құндылық бағдарларды қалыптастыру, оқушылардың шығармашылық әлеуетін дамыту, балалардың өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі тануға ұмтылысын қолдау арқылы оларға рухани адамгершілік білім беру.

Шараға өзін-өзі тану пәнін оқуда жетістіктерге қол жеткізген, қызықты шығармашылық жұмыстар мен жобалар әзірлеген, облыстық кезеңнен үздік шыққан командалар қатысты. Оқушылар еліміздің 16 өңірінен жиналды.

Сайыс қорытындысында «Ел жүрегі» командасының мүшелері —  М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернаттың 7-9 сынып оқушылары І орын иеленді. Пән мұғалімі Ә.Музеева  Алғыс хатпен марапатталды.

Шара барысында қатысушыларға тосыннан тапсырмалар берілді. Біздің оқушылар «Бала алаңы» тақырыбы  бойынша өз ойларын ортаға салды. Жобаларының рухани-адамгершілік тереңдігі мен белсенді өмірлік ұстанымдары айқын көрінген, өз ойлары мен сезімдерін еркін жеткізе алған команда мүшелері Бейбізейнеп Тыныштықбай мен Іңкәр Тыныштық үздік деп танылды. Сөйтіп, олар облыс мерейін өсірді.

 Балия ЖОЛАЕВА,

М.Құсайынов атындағы

облыстық мектеп-интернаттың мұғалімі.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*