Басты бет » Жастар » Ақтөбеліктер I орынды жеңіп алды

Ақтөбеліктер I орынды жеңіп алды

Чемпионат

Ақтау қаласында өткен «Batysskills — 2017» кәсіптік шеберліктің аймақаралық чемпионатында ақтөбелік жастар 8 жүлделі орынды еншіледі.

Жыл сайын өтетін байқаудың мақсаты — жұмысшы мамандықтардың деңгейін көтеру, олардың өзара тәжірибе алмасуына жағдай жасау. Чемпионатқа еліміздің Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Жамбыл облыстарынан 80- нен астам колледж оқушылары қатысты.

Аталмыш байқауда облыстың намысын «Майлау және безендіру жұмыстары», «Электромонтаждық жұмыстар», «Дәнекерлеу технологиясы», «Аспаздық ісі», «Киім үлгілеу», «ІТ желілерін жүйелі басқару», «Жеңіл автомобильге қызмет көрсету, жөндеу» сияқты 7 құзыреттілік бойынша 13 қыз-жігіт қорғады. Ал сынақтардың өзі колледж базалары мен зауыттардың жұмыс алаңында өтті.

Сайыс қорытындысы бойынша Ақтөбе облысы атынан қатысқан 8 білім алушы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтсақ, Нұрлыорақ Қашқынбаев, Бауыржан Өмірзақов, Илья Патынга, Қайыржан Серікбай I орынды жеңіп алды. Ал II орыннан

Бейбарыс Әділ мен Нұршат Бозғұланова көрінді. Үздік үштікті Исмаил Симанов пен Сәуле Өтеулиева қорытындылады. Жалпыкомандалық сынақта біздің жерлестер I орынға лайық деп танылғанын айта кету керек. Сөйтіп, «Batysskills — 2018» сайысы Ақтөбе облысында өтетін болды. Тиісінше биылғы жеңімпаздар келер жылы өтетін чемпионатқа жолдама алды.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*