Басты бет » Жаңалықтар » Букмекерлік кеңселер көбейіп барады

Букмекерлік кеңселер көбейіп барады

Рейд

 Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының  қызметкерлері қаладағы құмар ойындары бизнесін ұйымдастырып жүрген мемлекеттік лицензиясы жоқ орталықтарға тексеру жүргізді.

Басқарма мамандары алдымен ағайынды Жұбановтар көшесіндегі №296 үйде орналасқан «Игілік» кафесіне барды.

Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Нұрлан Танкаевтың айтуынша, мұндағы букмекерлік кеңсе тұрғын үй ғимаратында орналасқан. Ұсынылған ойындар арнайы лицензиясы жоқ сайттардан алынған. Сондай-ақ жиырма бір жасқа толмаған адамдар да ойындарға бәс тіге береді. Мұның бәрі заңға қайшы.

Қазір облыс орталығында бумекерлік кеңселер көбейіп барады. Соның салдарынан құмар ойынға қызығып, қарызға батып жүргендердің саны да артты. Отбасында кикілжіңдер, түрлі мәселелер туындайтыны анық.

Мұндай кәсіпкерлердің кесірінен бюджетке салық төлемдері түспейді. Заңды талаптарға сәйкес келмейтін ойын мекемелері тұрғын үй мен пәтер ғимараттарында да орналасқан. Ал мұндай мекемелер мемлекеттік кірістер басқармасына тіркеуге тұрып, салық төлеуі тиіс және арнайы сертификаттың болуы міндетті. Заң талаптарын бұзған ойын мекемелері тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Сондай-ақ бұл қызметтері тоқтатылады.

Қазіргі таңда 120 ойын мекемесі өз қызметін заңсыз жүзеге асырып жатқандығы анықталды. Өткен сенбі күнінен бастап рейд жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Нұрлан Танкаев.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*