Басты бет » Жаңалықтар » Жемқорлықтың жолы кесіледі

Жемқорлықтың жолы кесіледі

Ақтөбе қаласының әкімі І.Испановтың төрағалығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі қалалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Жиында Ақтөбе қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Талғат Әділов сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Оның айтуынша, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізу мақсатында мемлекеттік кірістер басқармасында сапалы мемлекеттік қызметтер көрсетіледі. Орталықта заңды және жеке тұлғаларды қабылдау бойынша бейнебақылау камералары, электрондық кезекті реттейтін терминал қондырылған. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңдары туралы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ тәлімгерлер кеңесі тұрақты түрде жұмыс істейді.

Ақтөбе қалалық төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Е.Овчарский комиссия мүшелеріне өрт қауіпсіздігі саласында, мемлекеттік бақылауды жүргізу кезінде құқықбұзушылықтарға жол бермеу жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы ақпарат берді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңының талаптарын сақтау және жауапкершілікті арттыру мақсатында төтенше жағдайлар басқармасында ағымдағы жылы «бір терезе» қағидаты негізінде құжаттарды қабылдау және ұсыну жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың  қызметін  талқылау қорытындысы бойынша,  Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департамент басшысы Қ.Тоқышев барлық қалалық мемлекеттік мекемелердің басшыларына өз қызметтерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, мемлекеттік қызмет сұрақтары жөніндегі нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау, мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарына уақытылы жіберу, мемлекеттік қызметшілердің қызметіне сапалы бағалау жүргізу, кадр қызметтерінің жұмысын ерекше бақылауға алу жөнінде ұсыныстар айтты. Сондай-ақ «Есіктен есікке» жобасы аясында жұмыстарды жандандыру қажеттігі туралы атап өтті.

Гүлзат ЖҰМАҒАЛИЕВА,

Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының

мемлекеттік-құқықтық бөлімнің бас маманы.

 

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*