Басты бет » Жаңалықтар » Банк қызметкерлерін құттықтады

Банк қызметкерлерін құттықтады

Ұлттық валюта күніне орай облыс әкімінің Алғыс хатын иеленгендердің қатарында банк филиалдары мен «Даму» қорының өкілдері бар. Оларға марапатты облыс әкімінің орынбасары Қайрат Бекенов табыс етті.

— Сіздердің осы кәсіби мерекелеріңіз қарсаңында жүргізілген талдау жұмыстары несие алушылардың қатары артқанын, бұл бойынша біздің облыстың елімізде төртінші орында екенін көрсетті. «Даму» қорының да жұмысын жалпы алғанда жақсы деп бағалауға болады. Облыс басшылығы атынан сіздерді осынау мерекемен құттықтап, баршаңызға табыс тілегім келеді.

Уақыт талабына сай, несиелендірудің де өзіндік талап-тәртібін өзгертуге тура келеді. Несиелендіруді моноқалалар мен ауылдарда да жүзеге асыру қарастырылып жатыр. Елді мекендердің өзінде несиелендірумен айналысатын орган ашпақ ойымыз бар. Сөйте тұра, біз екінші деңгейлі банктермен бәсекеге түспейміз.  

Осы орайда біздің банктермен әріптестігімізді одан әрі жалғастыратынымызды, бізді алда үлкен жұмыс күтіп тұрғанын атап өткім келеді, — дей келе, Қайрат Бекенов екінші деңгейлі банктер мен «Даму» қорының 20 қызметкеріне Алғыс хат табыстады.

Санат РАШ.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*