Басты бет » Денсаулық » Кореяда ақтөбелік балаға ота жасалды

Кореяда ақтөбелік балаға ота жасалды

Туа бітті және күрделі жүрек ақауына шалдыққан  сегіз айлық балдырғанға Сеул ұлттық университеті «KangnamSeverans» клиникасында ота жасалды.

Бұндай мүмкіндік облыс  әкімдігі мен оңтүстік кореялық  «KangnamSeverans» клиникасы арасындағы меморандум аясында жүзеге асып отыр. Меморандумның бір бағыты — аса ауыр дертке шалдыққан балаларды емдеу. Бұған дейін аталған клиникада сколиоздың ауыр түрі, яғни омыртқасы қисайған 14 жастағы ақтөбелік балаға ота жасалған болатын. Ал қазіргі таңда сегіз жастағы балдырған аталған клиникада емделіп жатыр.  Баланың ата-анасымен бірге «Aktobe мedical center» орталығының балалар кардиологы да еріп барды. Жол жүру ақысы мен барлық ем шаралар тегін жасалды.

Жалпы бұл ақтөбелік дәрігерлердің тәжірибе жинақтауына үлкен мүмкіндік болмақ.

Кәмшат ҚОПАЕВА.

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*