Басты бет » Ауыл » Ауылға келген жас маман

Ауылға келген жас маман

Шалқар

Мемлекеттік бағдарлама арқылы туған жеріне келіп, нәтижелі еңбек етіп жүрген жас маманның бірі —  Ерназар Боранбайұлы.

Ерназар Ақтөбе ауыл шаруашылық колледжін бітірген соң «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы өз ауылы Байқадамға келді. Ауылдағы ветеринарлық бекетке ветеринар маман болып жұмысқа орналасты. Жас мамандарға берілетін  көтерме ақы мен  «Даму» қоры арқылы  несиеге  тұрғын үй  алды. Бекеттегі тәжірибелі мамандардың ақыл-кеңесін алып, шаруаның қыр-сырын меңгерді.

Қазір Ерназар шаруашылық иелері мен тұрғындарға  ауыл шаруашылығы саласына қатысты құжаттарды реттеу тәртібін түсіндіреді. Қажетті ақпараттармен қамтамасыз етіп отырады. Ауылшаруашылық саласына  қатысты  деректер, анықтамалар алуда  өз біліктілігін көрсете алды. Ауылдағы алғашқы еңбек жолында Ерназар өзі секілді жас маман Жұлдызбен танысты. Жұлдыз Қандыағаш қаласынан келіп, Шалқар-Бейнеу  теміржол бекетінде  жұмыс істеді. Екі жас тез тіл табысып, бір жылдан соң шаңырақ көтерді. Қазір жас отбасы сәбилі болды.

Екі жастың мақсаты —  елге абыройлы қызмет етіп, ел алғысына бөлену.

Жания ЕСЕНБАЕВА, 

Есет Көтібарұлы ауылдық округі

әкімі аппаратының бас маманы,

Байқадам ауылы,

Шалқар ауданы.

 

Пікір жазу

Your email address will not be published. Толтырылуы міндетті жерлер белгіленген *

*